17:05
Уақытыңды басқар

НАМАЗДЫҢ МҰСТАХАП УАҚЫТТАРЫ

Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екендігі Пайғамбарымыздың тікелей іс жүзінде орындалуы мен хадистерінде белгіленген.

Олар:

  • Таң намазын төңірекке жарық түсіп, айнала көрінген уақытта жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Таң намазын жарықта оқыңдар. Өйткені мұның суабы өте үлкен».
  • Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта оқу – мұстахап. Қыста болса, бесін намазын уақыты кіре сала оқу – мұстахап. Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі қатты суықта бесін намазын ерте оқитын, жазда салқын түскенге дейін кешіктіретін».
  • Екінті намазының парызын төрт мезгілде де күннің көзді алмайтындай сарғыш тартқанға дейін кешіктіру – мұстахап.
  • Ақшам намазын уақыты кірісімен оқу – мұстахап. Азан мен қаматы арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт бөлінеді. Өйткені ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Ақшам намазын жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктірмесе, үмбетім берекетте».
  • Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Үмбетіме қиын болмағанда, құптан намазын түннің үштен біріне дейін кешіктіруді әмір етер едім».
  • Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген адам түннің ақырына дейін кешіктіруі – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Түннің ақырына дейін ояна алмайтындығынан қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы уақытында оқысын. Түннің ақырында ояна алатынына көзі жеткен адамболса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі түнгі намаз – періштелер қатысатын намаз».
 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 236 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: