11:24
Уақытыңды басқар

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ СЫРЫ

Бесін уақыты болса, күндіздің толықсып кемелденіп, енді бір сәтке біртіндеп күннің екінші жартысына ауа бастаған кез. Оған қоса, күндік толассыз, қыруар шаруаның ең бір қым-қуыт сапырылыс шағында, жұмыстың барлық қысым-ауыртпалығынан бір сәтке арылып, уақытша болса да сәл-пәл тынығатын кез. Әрі өткінші фәни дүниенің ауыр жұмыстарынан бір бас алмаудан пайда болған бейғамдық пен сіресуден бой мен сананы бірдей арылтып, рухтың тыныс алуына жол ашатын кез. Иләһи нығметтердің бой көрсетер тұсы. Адам жаны әлгіндей қысым, ауырпалық, бейғамдықтан, мән-мағынасыз, фәни тірліктен арылып, ешкімге мұқтаж емес әрі мәңгілік қасиеттерге ие нығмет-несібелердің шынайы егесі Алла Тағаланың алдында құлшылық жасауға ниет етіп қол байлап, өзіне нәсіп етілген бүкіл ризық-несібе атаулыға шүкір етіп Жаратушыға мақтау айтады. Оның ұлылығының алдында иіліп тағзым етеді, рукуғқа барады. Оның теңдессіз кемелдігі мен жамалына таңырқап, әсемдігін дәріптеп сәждеге бас қояды. Өз сүйіспеншілігі мен таңданысын бесін намазын оқу арқылы білдірудің қаншалықты ұнамды, қаншалықты орынды, қаншалықты керекті екенін ұғына алмау, сірә, адамдыққа жатпаса керек?! (жалғасы бар)          

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

Просмотров: 231 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: