11:36
Уақытыңды басқар

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ОРНЫ

 «Намаз мүміндерге белгілі уақыттарда парыз етілді».

«Ниса» сүресі, 103-аят

Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті уақытын жоспарлап, ретке келтіру әдетін қалыптастыру. Пайғамбарымыздың іс-әрекеттері мен бұйрықтарынан көретініміздей, бұл уақыттар ұйықтау, тұру, үйде болу, тамақтану, демалу, сыртқа шығу, зиярат ету, адамдармен қарым-қатынас секілді күнделікті орындауымыз қажетті істердің мерзімін белгілеуде.

Әр намаз уақытты жоспарлауды білдіреді деп есептесек, Құранда намаз жайыл айтылған барлық аяттарды да «уақыт түсінігін» қамтитын аяттардың қатарына қоса аламыз. Құранда намаз көбіне «саләт» сөзі арқылы айтылып, 100-ге жуық рет қайталанады. Рукуғ, сәжде, қиям секілді басқа да намазды суреттейтін сөздер де бар.

Мұсылман адамға намаз оқу жайлы сөз қозғалғанда бірінші кезекте оның тым көп екендігі мен соған байланысты ауырлығына шағымданғандарын байқап жатамыз. Алайда намаз біз ойлағандай және қорқатындай көп емес. Ең алдымен, күнделікті бес уақыт намаз дәретімен қосқанда адамның бір сағат уақытын алады. Екіншіден, адам бірден тұрып бір сағат намаз оқымайды, сондықтан шаршайтындай ұзқ уақыт болмайды. Үшіншіден, адамға әр уақытта сол уақыттың намазы ғана парыз болады. Яғни, дәл қазір бесін намазының уақыты болатын болса, екінті намазының уақыты әлі келмегендіктен, тек сол бесін намазы парыз, басқа уақыттың намаздары парыз болмайды. Ол намаздар өз уақыты келгенде ғана жеке-жеке парыз болады. Олай болса, намаз көптеген адамдар ойлағандай ауыр, ұзақ әрі шаршататын жүк емес екендігін көруге болады. Осылайша Алланың адамға көтере алмайтын жүк беріп, шамасы келмейтін міндет жүктемейтініне көз жеткізе аламыз.

Мұсылман баласына күнделікті бес уақыт намаз оқу парыз екені белгілі. Сонымен қатар қалаған қосып оқи алатын нәпіл намаздар да бар. Нәпіл намаздарды да қоса санағанда, түнде бес намаз бар екендігін көре аламыз. Паырздар ақшам мен құптан намаздары, құптан намазынан кейін оқылатын уәжіп болған үтір намазы, нәпіл намаздардан ақшамнан кейін оқылатын әуәбин намазы мен таң уақытының алдында оқылатын тәһәжжуд намазы бар. Ал күндіз сәске уақытында оқылатын духа намазы қосылады.

Дініміз бойынша тәулік ақшам уақытында күннің батуымен басталатынын есепке ала отырып, осы бір күннің ішінде оқылатын намаздардың реті мынадай: ақшам – әуәбин – құптан – тәһәжжуд – таң – духа – бесін – екінті- ақшам.         

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 242 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: