21:16
Уақытыңды басқар

УАҚЫТТЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНГЕНДЕР

«Уақыт – ең шектеулі қор. Егер ол дұрыс басқарылмаса, басқа еш нәрсе дұрыс басқарылмайды»

Питер Дракер

Тарихта артында өшпестей із қалдырған Хетт патшалығы, Мысыр, Грек және Рим мәдениетінде күнтізбе қолданылуы олардың сонау ерте заманнан уақыттың қадірін түсініп, соған сай өмір сүруге тырысқанын аңғартатындай. «Күнтізбе», «уақытты белгілеу» деген ұғымдар мемлекет пен адамдардың істері уақытқа қарай жоспарлағанын білдіреді. Күн тәртібі бойынша әрекет ету уақыттың ретке келтіріліп, адам өмірінің аса тиімді өткізілуін көрсетеді. Тарихтағы ең алып мемлекеттердің бірі болған Мысырда жылды 12 айға, күндізді 12 сағатқа, түнді 12 сағатқа бөлгендігі, әрбір сағатқа жеке-жеке атау бергендігі мәлім.

Алғашқы ғасырлардағы мұсылмандар да уақыттың қадірін жете түсіне білген. Мұның бірден-бір дәлелі бола алатын ең үлкен жаңалық – олардың сағатты ойлап табуы. Үлкен алаңдарда, кең сарайларда, ортақта, қоғамдық орындарда әрдайым сағат болатын. Бұл олардың әрбір минуттың қадірін түсінгендігін көрсетеді. Осылай уақытты қадірлей білгені үшін де Ислам мәдениеті бүкіл ортағасырлық қараңғылық кезеңді нұрға бөлей білді. Өзгелер мұсылман мәдениетінен үлгі алды, көп жайтты үйренді. Ал қазір сол мәдениет қайда қалды, неліктен мұсылман әлемі артта қалуда деген сұрақтарға бір ғана жауап айта аламыз: себебі мұсылман үмбеті уақытын бағаламайтын болды. Батыс болса, керісінше, мәңгілікке негізделген рухани құндылықтары болмағандықтан, жер бетіндегі әрбір сәтін бағалап, әр минутын есептеп пайдаланып, өзінің даму жолында үлкен жетістіктерге жетіп отыр.

ХІХ ғасырда алда болған мемлекет ретінде есептеуге келмеген Ресей Империясының коммунистік төңкерістен кейін қол жеткізген технологиялық дамуын да жаңа басшылардың уақыт жайлы ой-тұжырымдарды дұрыс қалыптастырылуымен түсіндіруге болады. Төңкеріс уақытындағы басшылардың өздері «уақыт секілді құнды нәрсе бір қол сағаты сияқты қарапайым дүниеге аманат етіле алмайды» деген түсінікпен қысқа уақытта ауқымды істерді үлгеру үшін сан түрлі шара іздеп, «уақытты халқына бағындыруға» тырысып, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ұмтылыспен барша отандастарының уақытты тиімді қолдануына жағдай жасауды жоспарлаған. Осылайша төңкеріс «уақыт машинасына» айналғандай болды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 324 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: