16:22
Тарихи түптөркін

Атасу – өзен, жұм.кенті, ауыл, ауд.орт. Жаңаарқа ауд., Қарағанды обл. Атасу өзенінің ұзындығы 184 км, алабы 5715 км2.

Әуел баста осы атау өзенге, кейіннен сол жерде пайда болған ауыл, жұмысшы кенттеріне қойылған болу керек. Мағынасы, өзі айтып тұрғандай, «басты, негізгі, үлкен өзен» дегенді білдіреді.

 

Атырау – облысқа бағынысты қала, Атырау облысының орталығы. Ерте кезде бұл жерде Үйшік атты шағын ғана балықшы қыстағы болған. 1645 жылы оның орнына орыс патшасы Михаил Федоровичтің әмірімен Гурьев деген көпес тас қалашық салған. Бұл жер соның есіміммен Гурьев қаласы аталып келеді де, 1992 жылдан Атырау қаласы аталады. Осы атырау  - лексикасы көбіне топонимдерде сақталған ескі термин. Үлкен айдынды көлдің не теңіздің сала-салаға бөлініп, тармақтанып, шығанақтар мен арал, саға, мүйістер пайда болатын жағалауы. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын, теңіздің алабын қоса, жергілікті тұрғындар күні бүгінге дейін атырау деп атайды дегенді Э.М.Мурзаев еңбегінен оқимых. «Атырау» туралы айтқан Ә.Нұрмағамбетов сөзі де көкейге қонымды. Бұрын «арал» мағынасын берген атыраудың «саға» сөзінің ұғымына жармасуында да табиғи заңдылық бар. Қандай өзен болмасын, мұхитқа немесе теңізге құйылар жерде арнасы сала-салаға бөлініп, әр саланың арасында кішігірім құрлықтар пайда болды. Міне, осы құрлықтар өзіне ертеден тән атау «атыраудың» талап еткендей болады. «Атыраудың» сағамен қосарлана қолдануының басты себебі осы деп ойлаймыз.

Ғалымның бұл пікірін «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі»: «Атырау – араб тілінде өзеннің теңізге құятын сағасы», - деген түсінік дәлелдеп әрі толықтыра түскендей.

 

Аягөз – 1913 жылы Түркісіб темір жол құрылысын салумен байланысты дамып, 1931 жылдан қала болды. Аягөз өзені бойына салынған. Агөз өзенінің ұзындығы 253,3 км, су алабы 7340 м2. Аудан орталығы.

«Аягөз» атауының шығу төркіні туралы ғалымдар пікірлері әр ұдай. С.Нұрқанов пен Е.Қойшыбаевтар: «Ай – «тайпа аты», гөз<гүз, үгүз – «өзен» мәніндегі атау», - десе, А.Әбдірахманов пікірінше: «Ай (ай, жақсы, кіші) + угуз (өзен, су) > Айугуз > Аягоз. Атаудың екінші құрамындағы гөз сөзінің < көне түркі тіліндегі үзүз < гүз < гөз – «өзен» деген сөз екендігін қолдаймыз. Ал оның бірінші құрамындағы ай – «тайпа» (ай тайпасы) дегеннен гөрі, тілміздегі ая – «жақсы», «әсем», «әдемі» сөзіне етене жақын деп білеміз. Аягөз «жақсы, әдемі», «ерекше өзен» деген мәнде қойылса керек.   

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 231 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: