16:10
Тарихи түптөркін

Алматы – тарихи қала аты. ІХ ғ. Алматы Қидан мемлекеттің, одан кейін Найман ұлысының астанасы болады, ірі сауда-саттық орталығына айналады. Моңғолдардың «Құпия тарихында» Шыңғысхан Алматыға екі рет шабуыл жасап, ала алмай, наймандармен он жыл бойы арпалысып, ақыры үшінші мәрте шабуыл жасағанда тізе бүктіріп, содан кейін Отырарға қарай аттанған. 1339 ж. Алматы Шағатай ұлысының астанасы болып тұрған шағында, Рим папсыың епископ Ришард бастаған өлкелері опат болады. Оның XIII-XV ғасырларда Алматы деген атпен көп жерге белгілі болғандығы, археологиялық қазба кезінде сол заманның теңгесі табылғандығын, XIV-XV ғасырларда Алматы қаласы туралы жазбалар Бабыр, Мұхаммед Хайдари еңбектерінде кездесетіні тарихшылар зерттеулерінен мәлім. Қаланың көнелілігін Алматы атауындағы түркі-моңғо тіліне ортақ көне көптік жалғау көрсеткіші (-ты) де дәлелдейді. Қазіргі тіліміздің грамматикалық заңына бой ұрсақ, ол жалғау –лы болып айтылады. Демек, алматы қазіргі тіліміздің грамматикалық заңына сай Алмалы болады. Бірақ та көне –ты жалғауы берік сақталған.

Атаудың негізгі лексикалық әрі топонимдік мағынасы, Ғ.Қоңқашбаев, А.Әбдірахмановтар көрсеткендей, «алмасы көп», «алма көп өсетін (жер)», «алмалы». Е.Қойшыбаев: «бұл –ты қосымшасын өз алдына жеке компонет – көне түр, тау ұғымын беретін –ту тұлғасының келе-келе, қазақ тілі базасында, -ту немесе –ты формасын қабылдауы. Бұл – заңды құбылыс», - деген пікір айтады. Автордың бұл пікірін қолдар болсақ, Өлеңті, Шідерті, Тобылғыты сияқты атаулардың соңғы компоненттеріндегі –ты (-ті) қосымшаларын қалайша тау деген сөз деп айта аламыз? Өйткені Өлеңті, Шідерті жазықтағы өзендер, ал тобылғы да жазықа өседі ғой. Е.Қойшыбаевтың бұл пікірі А.Голубевтің: «Алматының көне атауын Алмату дейді. Верныйды Алматы деп те айтады; бұл қырғыздың Алматау, яғни алма өсетін тау деген сөзі» дегенін қуаттау. Шындығында, ХІХ ғ. Алмату деген атаудың кейбір түркі тілінде, әсіресе ұйғыр тілінде басым болғанын тарихи деректерден анық көреміз. Алмату формасы Ш.Уәлиханов еңбектерінде де кездеседі. Демек, сол кездерде –ты (-ті), -ту форманттары жарыса қолданса керек. Олан «тау» деген мағына шығару әлі де дәлелдей түсуді қажет етеді.

1850 жылдары бұл жерде Ресей патшалығының әскери бекіністің іргесі қаланып, 1854 ж. қала әу бастағы тарихи атымен аталмай, 1921 жылға дейін Верный аталып келді. Оны Жетісу облревкомы 1921 ж. 5 ақпандағы №12 қаулысымен орыс тілінде Алма-Ата деп өзгерткен-ді. Жұрттың айтып та, жазып жүргеніндей, Алма-Ата қазақ тіліндегі Алматы атының бұоһрмаланып жүрген орысша транскрипциясы емес және оның орысша баламасы «отец яблоки» де емес. Бұл атаудың кісінің төл атынан қойылғанына иланбасқа болмайды. Оған дәлел ретінде Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты XVIII ғ. еңбегінде тамаша адам Алма атамыздың өмір тарихына зер сала бағдарлап отырсақ, ол кісіні қазақтың «Мичурині» болған екен ғой деп еріксіз мойындайсыз. Өзі әрі селекционер-бағбан, әрі шипагер ретінде халық жүрегінен ерекше орын алып, зор құрметке бөленіпті. Ол кісінің тұрақ, мекен-қонысы: қыс қыстауы Алмаарасанға барар жолдағы Аюлы өзенідегі Алматы көліне барар сайды (бұрынғы ГРЭС тұрған жер) қыстаса, жазда қазіргі алмаарасанды жайлап, суық күзге дейін ауруларға Арасан суымен ем-дом жасайды екен. Алма ата қыстаған сай ол кезде Алма ата сайы аталып, жаз жайлауға ем-дом жасаған Арасан Алмаарасан аталыпты. Бұл күнде Алма ата сайы ұмыт болып аталмағанмен, Алмаарасан атауы сақталып, бүгінге дейін адамдарды емдейтін Республикамызға белгілі ірі санаторий болып отыр.

Алма ата жүзден аса сүйекті өсімдіктерді будандастырып, алманың жаңа сорттарын шығарыпты. Өсімдіктер жайлы өз байқаулары мен іс-тәжірибелерін көпшілікке айтып, түсіндіріп отырса керек.

Сондай-ақ Алма ата аса атақты шипагер де болған кісі екен. Ол кісінің өсімдіктерден жасаған дәрілері, өсімдіктердің қандай дертке ем болатыны жайлы сөздері мен дауа болған ем-домдары жайлы да аталмыш кітапта кеңінен сөз болған. Бұрынғы Верный қаласының Алма-Ата аталуының себебі – сол кездегі зиялылар Алма атаның есімін мәңгі есте қалдырып, сол атақты адамды құрмет тұтудан болса керек. Тарихи Алматы қаласының Алма-Ата аталуының біз айтып отырған қысқаша тарихы осымен шектелмек емес. Ол жайында әлі де пайымдаулар мен нақты ой-пікірлер қалың жұртшылықтан шыға берері сөзсіз.

Қазақ тарихында қасиетті, киелі, әулие ата-бабалар есімдерімен байланысты жер-су аттарының бары көпке айқын. Мәселен, Қорқыт Ата, Шақпақ Ата, Асық Ата, Бекет Ата, т.т. Алма Ата атауының орысша Алма-Ата деп сызықша арқылы жазылуы сол тілдің орфографиялық заңына байланысты жайт.

1993 ж. Қазақстан Республикасының Ата Заңы – республика Конституциясында ол Алматы деген тарихи атына қайтадан ие болды. Енді қазақша да, орысша да Алматы қалпында айтылып, дұрыс жазылуды.           

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 222 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: