09:57
Тарихи түптөркін

Алакөл – Алматы облысының Балқаш-Алакөл ойпатының шығысындағы бұрынғы Семей облысымен екі арадағы тұзды көл. Алабы – 2650 м2., тереңдігі – 45 м. Бұған Емел өзені, Тарбағатай тауынан Қатынсу өзені құяды. Алакөл, Қошқаркөл және Сасықкөл – жалпы атаумен Алакөл аталады. ХІ ғ. Әл-Идрирси қазіргі Алакөлді Гаган деп жазған. Б.Көмеков Гаган көлін алакөл жүйесіндегі көлдермен бірдей деп санайды. Алакөл Тарбағатай тауы жақтағы шығыста, ортасында Қошқаркөл, батыс жағында Сасықкөл, оның батысында Ертой көлі мен Қызылтұз көлі көлбей созылып жатыр. Қошқаркөлдің шығысында Қаракөл, Алакөлдің шығыс жағында Итішпестің Алакөлі (Рыбачье). Ал Сасықкөлдің солтүстігінде Мықкөл, оңтүстігінде Қарамойын, Байбала, Жабықкөлдері, солтүстігінде Батровка, Бол, Гужы көлдері жайғасқан. Ал Степное көлі батыс жағында. Сасықкөлдің жағалауындағы бұл көлдер топографиялық карталарда көл деп көрсетілгенімен, суының мөлшері жағынан көлшікке тән.

Алакөл атаудың мағынасы жайлы Е.Қойшымбетовтың: «Ала-көл» (түр.моңғ.) – «Ұлы көл» немесе (сөзбе-сөз) одан көнелеу «тау көлі», - деген түсінігі әлі де толықтыра түсуді қажет етеді. Біздің байқауымызша, жоғарыда аталған Алакөл құрамына енетін көлдердің географиялық, табиғи бітім-пішіндері (көлемі, су деңгейі, аумағы, т.б.) әртүрлі. Алакөл Сасықкөлге қарағанда көлемі жағынан кішірек болса, ортада жатқан Қошқаркөлдің аумағы тым шағын. Ал олардың төңірегінде аталған көл-көлшіктер тіптен кішкентай. Олардың суларының түр-түстері де ала-құла. Алакөлдің суы қара қошқыл, қара көк болса, Сасықкөлдің су түсі көкшілдеу, ал Қоржынкөлдің суының түсі бозғылт, Ертой (тұз), Қызылтұз көлдерінің сулары сарғыш түсті.

Демек, бұл көлдердің аумағы, орналасқан жер жайы, көлемі мен суларының түстері, ала-құла, алуан түрлі. Осы жағдайды жете білген халық көл атын Алакөл деп орынды атаған.

 

Алатау тау, басы Хантәңірі тауынан басталып, аяғы Шымкентке дейін созылып жатқан асқар биік, заңғар тау. Түркілер ежелгі заманна-ақ биік шыңды, басында мәңгілік мұздар мен аппақ қар жататын тауларды Алатау деп атағаны – Кузбас Алатауы, Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Тяншань Алатауы атауларынан белгілі. Осы атаулардағы ала сөзінің төркіні, қазіргі қазақ тіліндегі «ақ пен көктің аралас келген түсіне /орысша «пестрый»/ қатысты емес, ұлу немесе одан да көнелеу оло тұлғасында артатындай». Бұған қарағанда, Алатау – «ұлы, аса зор, биік тау» деген мағынаға ие екені байқалады.          

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 234 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: