11:23
Тарихи түптөркін

Ақсүмбе – Оңтүстік Қазақстан обл., Қаратаудың солтүстік беткейінде орналасқан көне қала. Бұл археотопоним туралы дерктер араб тарихшылары мен орыс ғалымы Н.Ремезовтың «Книга большого чертежа» атты картасында, В.В.Бартольд, К.М.Байпақов еңбектерінде, Қазақстан тарихында кездеседі. Созақтық шежіреші Е.Өмірбеков мағлұматтарыда бұл атаудың мән-жайын толықтыра түседі. Ол ақын Асқар Тоқмағанбетовтың дерегіне сүйеніп: «Ақсүмбе батыр болғанға ұқсайды», - дейді. Егер де қаладағы мұнара Ақсүмбе аталып, кейіннен қала атына ауысқаны рас болса, онда оны кісі есіміне телу дұрыс болмайды. Қазақстанда Сүмбе деген тау аттары бар. Оның мағынасы – «төбесі үшкір келген биік, тіп-тік». Олай болса, мұнараның Ақсүмбе аталуы оның «биіктігіне, тіп-тік, найзадай шаншылған тұрпатына» сай келеді. Демек, бұл да Ақсеңгір атауымен мәндес.

 

Ақтау – қала. 1964 жылдан Шевченко аталып келді де, 1992 жылдан тарихи әділдік жеңіп, қайтадан Ақтау аталды. Маңғыстау облысының орталығы. Каспий теңізі жағасында орналасқан, онда порт та бар. Қала 1963 жылы мұнай-газ қазба байлығын игеруімен байланысты пайда болған. Ақтау атауы Каспий теңізі жағасындағы ұлу тастардың үйіндісінен ғасырлар бойы жиналып, сығымдала топталып пайда болған шағаладай аппақ тау жыныстарының түсіне сай қойылған.

 

Ақтоғай – Қарағанды обл., Шет ауд-да, Алматы обл-ң Райымбек, Еңбекшіқазақ ауд-да, Жамбыл обл-ың Сарысу аудандарындағы село, ауыл аттары.

Ақтоғай атауының бірінші сыңарындағы ақ сөзі топоним құрамында келгенде «таза, мөлдір, тұнық» және «кең, үлкен» деген мағынаға ие екендігі көп айтылды. Ал тоғай сөзін талдау барысында, оның Орта Азия, Қазақстан, Кавказ, Оңтүстік Орал, Оңтүстік Сібір, Еділдің төменгі ағысындағы халықтар тілдерінде кеңінен қолданылғанмен әртүрлі мағынаға ие екендігісөздіктерде анық көрсетілген. Бірақ та: «Қазақ тілі нормасына келтіргенде, бұл сөздің төлеуі, жобамен, «сай-сала» немесе «екі арна» мәндес ұғым береді», - деген пікірмен келісуге болмайды. В.В.Радлов сөздігінде тогай, тогаі, токоі, токаі, токкоі тұлғаларында беріліп, «шалғын», «орманды алқап», «ағаштар мен бұталар қалың өскен өзен... арал не жарты арал», «өзен түбектеріндегі қалың ағаш» деген мағыналарға ие екендігі көрсетілген. Қалайда «тоғай» - географиялық термин ретінде түркі тілдерінде ерте заманнан қолнып келе жатқан лексема. Ол түркі тілдерінен орыс әдеби тіліне де еніп, тугай тұлғасында жиі қолданысқа түсуде.

Демек, республикамыздың көптеген облыстарындаұшырасатын Ақтоғай атауы «су, өзен жағасындағы орман» мәніне ие деп қарауға болады.

 

Ақтөбе – бекініс ретінде іргетасы 1869 жылы қаланған, 1891 жылдан қала. Елек өзені бойында. Ақтөбе облысының орталығы. Жер көлемі – 298,7 км2. Бұрын облыста 16 аудан болса, қазір 12 ауданға біріккен. Олар: Алға, Байғанин, Әйтеке би, Ырғыз, Қарғалы, Мартұқ, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау, Шалқар.

Ауданға бағынысты қалалар саны алтау – Алға, Ембі, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар. Облыс жерінің біразын Мұғалжар тауы мен оңтүстік-шығысында Арал Қарақұмы, Арал теңізіне сұғына жатқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр.

Қаланың Ақтөбе аталу себебі алыстан «аппақ боп көрінетін, ақ топырағы, ақ тас, кварцы шығып жатқан биік төбемен байланысты» босла керек.

 

Ақшағат – Қарағанды обл., Жаңаарқа ауданындағы село. Атаудың бірінші сыңарындағы ақ сөзі тура мағынасында «аппақ, шаңқай, таза» деген мағынаныбілдірсе, шағат сыңары шақат сөзінің дыбыстық тұрғыдан сәл өзгеріске түскен нұсқасы – «ащы соры шығып жататын, өсімдік нашар өсетін жер». Демек, Ақшағат – «аппақ боп шаңқиып, соры шығып жататын жер» деген мағынадағы атау.          

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 228 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: