12:37
Тұңғыш Президент тұғыры

НҰРЛЫ ЖҮЗДІ НҰР-АҒА

 

Тебіренді-қалаулы тілекпенен

Өзіңізді бек сыйлаймыз жүрекпенен.

Жаратушы иемізге мың тәуба,

Бағымыздың бағбанындай Нұр-аға.

 

Бабалар мирастаған жерімізді,

Арыстандай айбатты елімізді,

Жолбарыстай қайратты ұлтымызды,

Босағадан төр оздыра сүйредіңіз.

 

Халық сенімі – қалқандайын тегеурін,

Ел дамуы – арғымақтай үдеу-серпін.

Айналаның әрдайым қолдауымен,

Ұзағынан сүйіндірді замана-заман.

 

Барысымыз таңылуда тұлғасымен,

Өзгелерден оза түскен бағасымен.

Өзіңіз де тұлпардайын оза шауып,

Үміт артқан тозбайтұғын тағасымен.

 

Астанамыз асқарлана аспандауда,

Алаш жұрты, дүйім жаһан таңырқауда.

Ойыңыз да, ісіңіз де үйлесімді,

Аса түссін абыройыңыз, Нұр-аға!

 

Өнегелі ел-жұртымыз өркендеуде,

Еңсемізді іскерлігіңіз өрнектеуде.

Тебіренді-қалаулы тілекпенен,

Нұр-ағаны қолдаймыз жүрекпенен.

 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ ,

Бесқарағай ЖОББ мектебі оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі,

«Нұр Отан» партиясы «Бесқарағай» БПҰ төрайымының орынбасары,

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 716 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: