12:06
Үшінші тоқсан мәресінде

2012/13 оқу жылының ІІI тоқсанын аяқтау хақында

ӨКІМ

ІІI тоқсанның аяқталуына байланысты (демалыс 21 наурыздан 1 сәуірге дейін,                сабақтардың басталуы 2 сәуір 2013ж.) мыналарды орындау қажет:

1.      Пән мұғалімдері ІІI тоқсандық бақылау жұмыстарын өткізуді 11 наурыз һәм                      18 наурыз 2013ж. аралығында жүргізсін. 19 наурыз 2013ж. ӘБ жетекшілеріне бақылау жұмыстарының сандық қорытындыларын тапсырсын. 19 наурыз 2013ж. (17.00-ге дейін) ӘБ жетекшілері бақылау жұмыстарының қорытындыларын тапсырсын. Бақылау жұмыстарының қорытындыларында жұмыстардың сапалық сараптамасы айқын мазмұндалуы тиіс (төмен/жоғары көрсеткіштердің себептері, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстың жоспары, түзету диагностикасы, салыстырмалы мониторинг).

2.      Барлық пән мұғалімдері 19 наурыз 2013ж. дейін ІІI тоқсандық бағаларды қойсын.

3.      Сынып жетекшілері 19 наурыз 2013ж. (12.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.

4.      Пән мұғалімдері 20 наурыз 2013ж. (14.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.

5.      ӘБ жетекшілері 26 наурыз 2013ж. (17.00-ге дейін) «ІІI тоқсанда орындалған жұмыс туралы» мәтіндік есептерін тапсырсын.

6.      Пән мұғалімдері ҰБТ-ге әзірлік бойынша (11-сыныптар), ОЖСБ-ға әзірлік бойынша            (9-сыныптар) мониторингтік-сараптамалық анықтамасы көрсетілген папкаларын тапсырсын (26 наурыз 2013ж. 14.00-ге дейін).

7.      Сынып жетекшілері демалыс кезінде сыныппен өткізетін шараны жоспарласын һәм          19 наурыз 2013ж. (17.00-ге дейін) жоспарларын мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Мазанова Б.Т. тапсырсын.

8.      Бастауыш сыныптар мұғалімдері филология ӘБ мұғалімдерін шақырып, оқушылардың мәнерлеп оқу машығын тексеруді өткізсін. Оқу техникасын тексеру қорытындыларын          19 наурыз (14.00-ге дейін) тапсырсын. 

9.      Медбике (тубвираждылар саны, тамақтандыру, оқушылардың медициналық хал-ахуалы көрсетілген, соматикалық мониторинг), кітапхана меңгерушісі, психолог, мектепалды даярлық топтарының, шағын орталық тәрбиешілері орындалған жұмыс жөнінде мәтіндік есеп тапсырсын. Дене шынықтыру мұғалімдері, инструктор 19 наурыз 2013ж. (17.00-ге дейін) мектеп оқушыларының жарыстарға қатысқаны һәм иеленген орындары хақында есептерін тапсырсын.

10. Аға тәлімгерлер ІІI тоқсан бойынша орындаған жұмыс жайлы есепті 26 наурыз 2013ж.            мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Мазанова Б.Т. тапсырсын.

11. Барлық пән мұғалімдері құжаттама номенклатурасын тексеруге дайындалсын,               сынып журналдарын, оқушылардың жеке құжаттарын, жұмыс дәптерлерін реттесін.

12. Пән мұғалімінің құжаттама номенклатурасы жағдайын тексеру                                                 27 һәм 28 наурыз 2013ж. 9.30-дан өткізіледі.

Тексеру тәртібі:                       27 наурыз

           бастауыш сыныптардың ӘБ                                                                            9.30-10.30

      математика, информатика, физика, сызу ӘБ                                                    10.30-11.30

           филология, ағылшын тілі ӘБ                                                                         11.30-12.30   

                                                     28 наурыз

      музыка, технология, дене шынықтыру, бейнелеу өнері ӘБ                               9.30-10.30

      тарих, биология, химия, география ӘБ                                                           10.30-11.30

            сынып жетекшілердің ӘБ                                                                                        11.30-12.30
Просмотров: 1195 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: