13:02
Шағын футбол

FAIR PLAY немесе ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІЛІК ХАҚЫНДА

Маусым-шілде айларында аудан орталығы Аққуда аудандық деңгейде екі ірі жарыс ұйымдастырылды. Оның алғашқысы аудан дамуының тарихына елеулі үлес қосқан, марқұм болып кеткен Тағлымов Т.Ғ. арналса, кейінгісі аудандық өрт сөндіру бөлімінде қызмет етіп жүріп, осыдан он бір жыл бұрын ғұмыры кілт үзілген Башенов С. арналған болатын. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, марқұмдардың жора-жолдастары һәм туған-туыстары демеушілік жасау жағынан атымтай-жомарттығы жағынан қыр-қырынан танылып, адами ірілік үлгісін көрсетті. Қос бірдей доданың жеңімпазы болып, өрнекті де командалық ойын өрнегімен таныла білген Ямышев ауылдық округіне қарасты Қызыл-қоғам ауылының құрама командасы көлденең келген барлық қарсыласты тізе бүктіріп, бас жүлделерді абыроймен жеңіп алды. Жоғарыда сөз болған жарыстарға аудан орталығындағы Кенжеғалиев атындағы спорт кешені түлектері, аудандық ішкі істер бөлімі, Қызылағаш ауылдық округіне қарасты Бесқарағай ауылының құрамалары ұдайы қатысып, өзіндік ойын мәнерімен жанкүйерлер көңілінен шыға білді. Ауданға қарасты басқа ауыл құрамалары біреуіне ғана қатысумен шектелді.

Бесқарағайлықтар тарапынан осынау жарыстардың екеуіне де үзбей қатысқан Шоқанов Темірланды, Шаймұрат Айбарысты ерекше атап өткеніміз абзал. Өйткені осы ойыншылар команданың ойынын жүйелеуге негіз болды.

Сонымен бірге аталмыш жарыстарды ұйымдастыру һәм өткізу кезінде кейбір олқылық орынсыз орын алып, доданың реңіне секем түсірді. Айталық, Кенжеғалиев атындағы спорт кешені түлектері құрама командасы мен Қызыл-қоғам ауылының құрама командасы арасында өткен алғашқы жарыстағы топтық кездесуде және екінші жарыс кезіндегі ақтық (финалдық) кездесуде болған қақтығыстар сырттан бақылап отырған көрермендерге ынғайсыздық әсер қалдырғандай болды. Бұндай кемшіліктерге көзді жұма қарайға да болатындай, дегенмен аудандық деңгейді арқалап отырған осынау жарыстарда ондай-ондайға жол берілмеуі тиіс. Халықаралық тілмен айтқанда FAIR PLAY (ӘДІЛ ОЙЫН) һәм RESPECT (СЫЙЛАСТЫҚ) делінетін құдіретті ұғым-қағидаттар қайда қалды! Ажарсыз «дәстүрге» айналып барады екен, ендеше жарыстарды ұйымдастырмас және өткізбес бұрын олардың қалыпты я бірүлгілік ережелерін егжей-тегжейлі жариялау қажет. Әсіресе әділ төрелік жасау жағын кешенді түрде күшейту әрі айқындау аса-маса керек. Сонда ғана көңілге кірбің түсіретін әлгіндей ұсқынсыз көріністер алаңда да, алаңнан тыс жерде де еш орын алмас еді.

«Тырнақ астынан кір іздеу» деп қабылдай, сөкпеңіздер. Бір ауданның өкілдері екенбіз, бір-бірімізді азаматтық тұрғыдан сыйлайды екенбіз кез келген жарыс-додада да осынау жолдан таймағанымыз жақсы.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 942 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: