2012 жылғы 30 маусымда аудан орталығы Аққуда шағын футболдан ауданға еңбегі сіңген қоғам қайраткері, марқұм Талап Ғаниұлы Тағлымовқа арналған аудандық І жарыстар ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында аудан әкімі Құрманова А.А., аудандық мәслихан хатшысы Әлтаев Қ.М., Дубовицкий т.б. зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға адал тартыс пен жеңіс тіледі. Осынау дүбірлі додаға Бесқарағай ауылының да құрама командасы қатысты. Жарысқа аудан бойынша 12 құрама қатысқанын айта кеткеніміз абзал. Ереже бойынша 12 команда алдымен 3 құрамадан 4 топ құрады. Біздің қарсыластарымыз Шарбақты, Қазы ауылдарынан болды. Алғашқы кездесуде қазылықтарды 2-1 есебімен ұттық (гол авторлары: Сағатбеков Айбар, Әлдекенов Мұрат), ал екінші топтық кездесуде шарбақтылық футболшылармен 0-0 есебімен тең түсіп, топ бойынша жеңімпаз атанып, жартылай финалға жолдама алдық. Плей-офф ойынында Восточный ауылдық округінің құрамасы қарсылас болды. Ойынның негізгі уақыты 0--0 есебімен аяқталды. Артынша үш-үштен жеті м ... Читать дальше »
Просмотров: 824 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/07/2012 | Комментарии (0)