13:35
Сайттың Жаңа жылдық жүрекжарды құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ САЙТҚАРАУШЫЛАР!

Ескі жылды артқа тастап, Жаңа 2013 жылдың табалдырығын аттағалы тұрмыз. Өткен жыл баршамызға өзіндік табыстарын, қуаныштарын, есте қаларлық жетістіктерін сыйлаған болатын. Тәуелсіз мемлекетеміздің тірегі болатын өскелең жас ұрпақты оқытып, тәрбилеп жатқан Ұстаздар қауымының еңбегі әрқашан ерен де елеулі болып табылады.

 Ертеңгі күні Сіздерден тәлім алған азаматтар елімізді ілгері дамытып, Қазақстан мемлекетінің көркейіп – гүлденуіне, әлемге танылуына ықпал ететіні айдай анық.

Келер 2013 жылы да өз білімдеріңіз бен жақсы қасиеттеріңізді шәкірттер бойына дарытып, олардың жан - жақты білімді тұлға болып қалыптасуы үшін аянбай еңбек етерсіздер деп сенеміз.

 Өтіп бара жатқан ескі жыл жүректеріңізде тек қана жақсы да жылы сезімдерін қалдырсын, келе жатқан Жаңа жыл өз жақсылығы мен қуанышын, қызығы мен ырыздығын баршаңызға жеткізсін.

Құрметті әріптестер! Жаңа 2013 жыл әр үйге бақыт бен береке, шаттық пен мереке әкелсін. Шын жүректен дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық, отбасыларыңызға қуаныш пен шаттық тілейміз!        

 

Просмотров: 822 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: