11:09
Риясыз рух

МОТИВТЕР АРАСЫНДА ОРТА ЖОЛ мен ӨЗАРА ҮЙЛЕСІМДІЛІКТІ САҚТАУ

Физиологиялық және рухани мотивтердің өзара қақтығысын реттеудің ең тиімді жолы – араларында тепе-теңдікті сақтау және келісім орнату. Мәселен, адам физиологиялық мотивтерді қанағаттандыруда дінге, руханиятқа қатысы жоқ қажеттіліктерін өтесе, оның қарсысында ғибадат пен ізгі амалды орындап және харамнан сақтану арқылы әлеуметтік-психологиялық және рухани мотивтерді азықтандырады. Құран бұл тепе-теңдік мәселесін мына аят арқылы ашып көрсетеді:

«Алланың өзіңе нәсіп еткен осынау байлықпен ақиреттегі мәңгілік бақыт мекеніне жетуге тырыс. Бұл дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алланың өзіңе шексіз шарапатын тигізіп, жақсылық жасағанындай, сен де өзгелерге жақсылық жаса. Бұл жерде лаң салып, бүліншілік жасауды көксеме!» («Қасас» сүресі, 77-аят).

Ислам діні адамға физиологиялық және рухани мотивтер арасында тепе-теңдікті сақтауды насихат етеді. Сонымен қатар мына мәселені де ескер дейді. Физиологиялық мотивтерді қанағаттандыруда адамға абсолютті еркіндік берілмеген. Бірақ мотивтерді бақылауда ұстау және шариғат шеңбері аясында қолдану маңызды. Шариғат, әсіресе адам болмысында тумысынан бар мотивтерді мүлдем жоқ етуге қарсы. Сондықтан шариғатта, мәселен, христиандардағы секілді тек құлшылыққа ғана беріліп, монахтық өмір сүру салты жоқ. Хадистерде де адамға тумысынан берілген әрбір мотивті дұрыс қолдану өсиет етілген. Пайғамбар (с.а.с.) дәуірінде Осман ибн Мәзунның әйелі Хәулә бинт Хаким Айша (р.а.) одан не болғанын сұраған кезде ол:

«Күйеуім түнді намаз оқумен, күндізді ораза ұстаумен өткіземін деп, отбасына көңіл бөлмей кетті» дейді. Бұл хабарды естіген кезде Алла Елшісі (с.а.с.) Осман ибн Мәзунді шақырып оған: «Осман! Бізге монахтық өмір салты тән емес. сен менен үлгі алмайтын ба едің алламен ант етейін! Араларыңда Алладан ең қатты қорқатын және бұйрықтарын ең кемел әрі көркем түрде орындайтын менмін!» - дейді. Сағд ибн Әбу Уаққастың жеткізген риуаятында, Осман ибн Мәзунның дүниеден баз кешкісі келгендігі, бірақ бұған Алла елшісінің рұқсат бермегендігі айтылады.

Бұл хадистер Алла елшісінің мұсылмандарды физиологиялық және рухани мотивтерді құлшылық пен тіршілік амалдарында әрдайым орта жолды ұстанып қолдануға шақырғандығын көрсетеді. Құлшылық амалдары рухани мотивтермен, ал тіршілік амалдары болса физиологиялық мотивтердің көмегімен жүзеге асады. Адам осы мотивтер арасындағы өзара үйлесімділік пен орта жолды сақтай білгені жөн.

Кейде бір-біріне қайшы екі мотив ортаға шығуы мүмкін. Бұл екеуін бір уақытта лайықты түрде және жетерліктей дәрежеде азықтандыру қиынға соғады. Мұндай кезде адам екі мотивтің біріне басымдық беріп, екіншісінің қалауын сәл кешіктіруі тиіс. Ал уақыты келгенде бірден азықтандырғаны жөн. Бұл нәрсе адамға ішкі күйзелістен және мазасыздықтан құтылуға көмектеседі.

Мәселен, қарны қатты ашқан адам тамақтың піскенін асыға күтеді. Сөйтіп отырған кезде құлшылық уақыты кіруі мүмкін. Осы арада физиологиялық және рухани мотив қақтығысқа түседі. Физиологоиялық мотив тамаққа тартса, рухани мотив бірінші құлшылықты орындауға шақырады. Міне, осындай кезде адам өзін іштей қинамас үшін бір мотивтке басымдық беріп, келесі бірінің қалауын шамалы кешіктіргені жөн. Егер намаз оқуға уақыт жеткілікті болса, онда физиологиялық мотивке басымдық беріп, бірінші жүрегін жалғап, нәр татып алады. Бұлай істемесе, тамаққа деген аңсары құлшылықта ықыласты болуына кедергі келтіреді. Ал керісінше, намаздық шығуына уақыт аз қалса, рухани мотивке басымдық беріп, намазын оқиды. Хадисте де бұл мәселе айтылады. Мәселен, намаз уақыты кірген бетте тамақ та дайын болса, бірінші кезекте тамақ жеу керектігі айтылады. Бұл ораза ұстағандарға да қатысты. Хадисте: «Кешкі тамақ дайын болса, тамақты намаздан бұрын бастап, асықпай жеңдер» делінген. Ал намаз оқу үшін уақыт аз қалған болса, ең әуелі намаз оқылады. Хадисте бұған қатысты да ескерту бар: «Тамақ немесе басқа бір нәрсе үшін намаздарыңды кешіктірмеңдер» делінген.

Айтылған хадистерде ортақ тұжырым жасайтын болсақ, физиологиялық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруда орта жолды ұстану және екі мотив қатар келген жағдайда, мәселені адамның өзіне және дінге зиян келмейтіндей, даналықпен шешудің жолы көрсетілген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: