10:20
Риясыз рух

МОТИВ пен СЕЗІМ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Мотив пен сезім арасында өте тығыз байланыс бар. Қандай да бір мотив әрекетке көшсе, оған қиналу немесе рахаттану секілді сезімдер серіктестік етеді. Мәселен, адамдағы физиологиялық мотивтің бірі – аштық мотивін алайық. Аштық мотиві адамға тәнге қуат беретін азық түрін қабылдатады. Аштық мотивін қанағаттандырған уақытта адам өзіндік бір рахат сезімге бөленеді. Татқан әрбір тағамның дәмінен әртүрлі деңгейде ләззат алады. Ал керісінше, аштық мотивін уақытында қанағаттандырмаса, мазасы қашып қиналады. Мотив пен сезімдер арасындағы байланысқа хадистерде де ишарат етілген. Мәселен, Алла Елшісі (с.а.с.) аштық мотивін қанағаттандырмау себепті орын алатын қиындыққа қарсы:

«Алла Тағалам! Аштықтан бір Өзіңе сыйынамын. Аштық деген қандай қиын еді» деп дұға ететін.

Келесі хадисте аштық мотивінің қажеті өтелген жағдайда адамның рухани ләззат алатыны, ал өтелмесе рухани күйзеліске түсетініне де ишарат бар.

«Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанда, ауыз ашқаны үшін қуанады және Раббысымен қауышқанда, ораза ұстағаны үшін қуанады» делінген.

Хадис ораза ұстаушының ауыз ашқан уақытта аштық мотивін қанағаттандыру себепті рахат сезімге бөленетіндігін баяндайды. Дәл осы секілді басқа да мотивтер, қажетінің өтеліп немесе өтелмегендігіне байланысты, адамда қиындық пен рахат сезім тудырады. Бұл адамдағы физиологиялық, психологиялық және рухани мотивтердің бәріне бірдей қатысты құбылыс.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 25 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: