21:47
Риясыз рух

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ және РУХАНИ МОТИВТЕР

Адам табиғатында физиологиялық қажеттілікпен қоса психологиялық қажеттіліктер де бар. Бұлар жан дүние тыныштығын, адамның амандықта және рахат өмір сүруін қамтамасыз етеді. Адам өмір сүріп жатқан қоғамның толыққанды мүшесі болуды, өзіне және қоғамға пайда әкелуді, қолынан іс келгенін, әртүрлі жетістіктерге жетуді, мақсатының орындалғанын арман етеді. Осы айтылғанның барлығын психологиялық мотивтер реттеп отырады.

Кейбір психологтар физиологиялық және психологиялық мотивтер арасында ешқандай байланыс жоқ десе, көпшілігі бұларды өзара байланыстырып қарастырады. Бір әрине екінші көзқарасты негізге аламыз.

Ғалымдар психологиялық мотивтерді әлеуметтік мотивтер деп те атаған. Олардың айтуынша, бұлар – адамдағы тәжірибе мен әлеуметтік қарым-қатынастың нәтижесі. Бір жағынан, психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырса, екінші жағынан, адамдар арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп, адамның әлеуметік тұрғыдан дамуына мүмкіндік туғызады.

Атақты психолог және психоаналитик Эрих Фромм болса, мұны психологоиялық қажетіліктер деп атаған. Оған: психологиялық мотивтерді жетілдіруді, жан-жақты дамуды, тұлға болып қалыптасуды және өзгеден артық һәм жоғары тұруға деген қажеттілікті, басқаның көңілін өзіне аудару т.б. қажеттіліктерді жатқызады. Эрих Фроммның айтуынша, бұл қасиеттер адам болмысында тумысынан бар және бұлардың қоғам тарапынан болатын сыртқы әсердің себебіне еш қатысы жоқ.

Рухани мотив – адамның ішкі әлеміне қатысты болған қажеттіліктер. Ол: діндарлық пен тақуалыққа, ақиқат пен әділдікке, мейірім мен сүйіспеншілікке деген құштарлық, жалған мн зұлымдыққа, қатыгездікке, надандық пен жамандыққа жиіркеніш таныту секілді адамның рухани дүниесіне қатысты қасиеттерді қамтиды.

Рухани мотив – адамды хайуаннан ерекшелеп тұратын фактор. Алайда соған қарамастан психолог ғалымдардың көпшілігі адамдағы рухани мотивтерді зерттеуде ғапылдықта қалды. Олардың бұл олқылығын Абрахам Масслоу өз еңбектерінде айқындап береді. А.Масслоу рухани мотивтерді немесе қажеттіліктерді екі түрге бөліп қарастырады. Олар:

  1. Негізгі қажеттіліктер;
  2. Рухани қажеттіліктер.

А.Масслоу негізгі қажеттіліктерге көпшілік психологтардың «адамдағы негізгі қажеттіліктер» деп қабылдаған мотивтерді жатқызған. Олар: ашығу, шөлдеу, жыныстық байланыс, қауіпсіздік, тыныштық, кек қайтару т.с.с. мотивтер.

Ал рухани мотивтерді сөз еткенде, рухани қабатпен байланысты мәселелерге тоқталады. Олар: әділдік, мейірім, жақсылық, сұлулық, сүйіспеншілік, бірлік т.с.с мотивтер.

А.Масслоу рухани мотивтер адам болмысында тумысынан бар деген. Оның көзқарасы бойынша, рухани мотивтерді қанағаттандыру және дұрыс қолдану – адамның жан-жақты дамып, тұлға болып қалыптасуымен тығыз байланысты.

Психолог ғалымдар көп жағдайда адамның физиологиялық қырын зерттеуге алып, рухани әлеміне терең бойлай алмады. Сол себепті өз іштерінде де қатты сынға алынды. Мәселен, Эрих Фромм мұны қатты сынға алды. Оның айтуынша, «Адамның дәрежесін хайуаннан үстем етіп әрі ажыратып тұратын нәрсе – рухани және психологиялық мотивтер. Сондықтан адамның психологиялық және рухани қырына көбірек мән беріп зерттеу аса маңызды әрі кезек күттірмейтін нәрсе».

Жоғарыда айтып өткеніміздей, психологиялық және рухани мотивтердің кейбірі ортаның әсеріне тәуелді емес, олар адам болмысында тумасынан бар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 35 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: