11:25
Риясыз рух

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МОТИВ

2. Аналық мотив

Түрді (вид) сақтап қалу үшін әйел кісіде тумысынан аналық мотив бар. Аналық мотив әйелді бала көтеруге ынталандырып, сол жолда көретін түрлі қиындықтарға төтеп беруге жәрдемдеседі. Бала көтеру барысында түрлі қиындықтарға тап болса да, табиғатында аналық мотив болғандықтан, әйел бұл істі риза көңілмен атқарады. Баланы дүниеге әкелген соң, өз бетінше тіршілік ете алатын күнге дейін бағып өсірдеі. Құранда аналық мотивке байланысты бірнеше аятта ишарат етіледі.

Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіретіп, қинала жүріп (тоғыз ай бойы) көтерді. Оның емшектен шығуы да екі жыл алады. Ендеше: «(Уа, адам баласы!) Маған және ата-анаңа шүкіршілік ет! Ақыр соңында Маған қайтасың (және істеген істерің үшін жауап бересің)» («Лұқман» сүресі, 14-аят).

Ананың балаға деген махаббаты, мейірімі, жан пидалығы, уайымы осы аналық мотивті ортаға шығарады.

Аналық мотив себепті ана, сәбиін дүниеге әкелуде, емізуде, бағып-қағуда көп машақат көреді, сол себепті ерекше құрметке лайық. Бір адам Алла елшісіне (с.а.с.) келіп, анасының мінезінің нашарлығына шағым айтады. Сонда Алла елшісі (с.а.с.):

«Сені тоғыз ай, он күн көтергенде мінезі нашар емес еді», - дейді. Әлгі адам: «Уа, Расулалла! Анамның мінезі расымен де өте нашар», - дейді. Алла Елшісі (с.а.с.) сөзін қайталап: «Сені екі жыл емізгенде мінезі нашар болмаған шығар?!» - дейді. Әлгі адам тағы да: «Расымен де анамның мінещі өте нашар», - дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Сен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, сені жалғыз тастап кетуден қорқып, құдықтан су алып іше алмаған кездерінде мінезі нашар емес еді ғой!» - дейді. Сонда әлгі адам: «Алайда мен анамның алдындағы өз борышымнан құтылдым», - дейді. Алла елшісі (с.а.с.) одан. «Не істедің?» деп сұрағанда, жаңағы кісі: «Арқама мінгізіп, қажылық жасаттым», - дейді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с): «Сен оның бір толғағын да өтей алған жоқсың», - деп жауап береді.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 30 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: