09:40
Риясыз рух

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МОТИВ

2. Түрді (вид) сақтап қалу мотиві

Ол өз ішінде екі түрге бөлінеді:

  1. Жыныстық мотив;
  2. Аналық мотив.

 

1. Жыныстық мотив

Жыныстық мотивтің атқаратын міндеті – әрбір тіршілік иесінің түр (вид) ретінде сақталып қалуын қамтамасыз ету. Бұл тіршілік иелерінде әрүтрлі жолдармен жүзеге асады. Мәселен, өсімдіктерде будандасу арқылы, ал адам мен жануарда тәндік қатынасқа түсумен. Нәтижесінде, әрбір түр иесінен өзінен кейін түр (вид) ретінде тіршілік ететін кейінгі буын дүниеге келеді.

Құранда бұл мотивке байланысты көптеген аяттар кездеседі.

«...Алла өз болмыстарыңнан өздерің үшін жұбайлар жаратты. Сол жұбайларың арқылы сендерге бала-шаға, немере-шөбере сүйгізді және таза әрі пайдалы азықтарды ризық етіп берді» («Нахыл» сүресі, 72-аят).

«Уа, адамдар! Бәріңді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан һәм одан жұбын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа қарсы келуден сақтаныңдар...» («Ниса» сүресі, 1-аят).

Адамдағы жыныстық мотивке қатысты сүнетте де көптеген ишараттар бар. Мәселен, төмендегі мына хадистер мұсылманды үйленуге, отбасын құруға, ұрпақ өрбітуге ынталандырады. Хадис: «Үйлену – менің сүннетім! Кімде-кім менің бұл сүннетімнен бас тартса, бізден емес. үйленіңдер! Қиямет күні мен үмбетімнің көптігімен мақтанамын. Үйленуге шамасы келетін адам үйленсін. Ал егер шамасы келмесе, ораза ұстасын, өйткені ораза нәпсіні тізгіндейді». Келесі хадисте: «Өздерің жақсы көретін, сондай-ақ бала көтеруден қашпайтын және көп бала таба алатын әйелдерге үйленіңдер» делінген.

Отбасын құру себепті сәбидің дүниеге келуі ата-ана үшін үлкен бақыт әрі нығмет. Бала сүю ата-анаға рухани күш береді, өмірге деген құлшынысын арттырады, сонымен қатар тегінің жалғасуына себепші. Ғалымдар: «Сәбидің дүниеге келуі ата-ана үшін бақыт әрі пайдалы. Егер дүниеден өтіп кетсе, онда да ата-ана үшін пайда бар. Егер сәби тірі қалса, ата-анасына бақыт сыйлайды, көзайымы болады және өскен кезде қолқанат етіп, қартайған шақтарында қамқорлық жасайды. Ал егер дүниеден өтсе, ата-анасының жаннатқа баруына себепші», - дейді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 35 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: