21:49
Риясыз рух

НӘПСІНІ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

6. Сыйлық сыйлау, марапаттау (мукафат)

Нәпсіні тәрбиелеудің келесі сатысы – мукафат. Мукафат – адам қандай да бір жетістікке жетіп немесе қолға алған бір істі аяғына дейін орындаған уақытта өзін сый-сияпатқа бөлеуді және марапатауды білдіреді. Бұл – нәпсі тәрбиесінде өте тиімді тәсіл. Мұны нәпсіні алдаудың бір түрі десек те болады.

Асылында, адам табиғаты сыйлықты, қошеметті, мақтауды жақсы көреді. Атқарған ісі үшін белгілі бір қарымта күтеді. Кейбір адамның біреуге жақсылық жасаған соң «ең болмағанда рахмет айтпады ғой» деп жататыны – осы табиғи қырының айғағы. Ислам діні адамның табиғатына тән бұл қырды назардан тыс қалдырмаған. Құранның көптеген көптеген жерінде салиқалы, ізгі істер атқарған жандарды дүние және ақырет нығметтерімен қызықтыра түседі. Жасаған әрбір ізгі істің қарымтасы бар екендігін айтып сүйіншілейді: «Олардың алатын сыйы (қарымы) Раббыларының кең кешірімі мен (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат бақшалары болмақ. Олар сонда мәңгі-бақи қалып, (бақытты ғұмыр кешеді). (Діннен) үйреніп-білгенін іске асырып, игілікті істер атқарғандардың алар сыйы неткен ғажап десеңші!» («Әли Имран» сүресі, 136-аят).

Құранда мұндай аяттар өте көп. Бұл бізге нәпсіні тәрбиелеуде сыйлық һәм марапаттың (мукафат( қаншалықтымаңызды екендігін көрсетеді. Сондықтан адам белгілі бір жетістікке қол жеткізген уақытта өзін марапаттап тұрғаны жөн. Бұл оған рухани күш береді. Келесі қадамды риза көңілмен, оптимистік бағытта бастауға түрткі болады. Мәселен, адам өзі ұнатқан бір кітапты соңына дейін оқып шықса, міндетті түрде өзін марапатауы тиіс. Ол тәтті тағам немесе кофе не болмаса теартға бару, тауға шығу, серуендеу, саяхат жасау, жақсы кино қарау және т.б. демалыс түрі болуы мүмкін. Бұл жерде қандай сыйлық жасалғандығы емес, адамның өзіне сыйлық жасауы маңызды. Бұл оның писхологиясына тікелей әсер етеді. Көңілінде жақсы әсер қалдырады. Келесі кітапты һәм істі құлшына бастауға оң әсерін тигізеді.

Асылында, адам санасы қандай да бір істі аяғына дейін жеткізуден ләззат алады. Ал сыйлық һәм марапат сол ләззаттың санада бекуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде ми жаңағы ләззатпен қайта қауышу үшін келесі кітапты бітіруге асығады. Адам осы мәселені дұрыс жолға қоя білсе, көптеген белестерді бағындыруға мүмкіндік алар еді. Бұл жерде ескере кететін жайт: адамның өзіне сыйлық сыйлауы һәм өзін марапаттауы шектен шықпауы тиіс. Яғни адам өзін марапаттаймын деп ырыапқа жол беріп, дандайсып, тым босап кетпегені жөн. (жалғсы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 34 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: