20:29
Референдум рауаны
Біздің қолдау – Нұрсұлтандай Президент!
Егеменді ел болуды аңсаған,
Аңсағанын іс жүзінде жасаған,
Ғаламатта толған айдай ол туған,
Біздің қолдау – Нұрсұлтандай Президент!
 
Қазақстанды ғаламшарға танытқан,
Оң мен солын жан-жағынан дамытқан,
Мінбелерде қазақ тілін ағытқан,
Біздің қолдау – Нұрсұлтандай Президент!
 
Ата Заңға қолын қойып ант еткен,
Адалынан қызмет етуге серт еткен,
Болашаққа үлкен сенім білдірген,
Біздің қолдау – Нұрсұлтандай Президент!
 
«2030» Барысстанды паш еткен,
Ел дамыту даңғылына қолы жеткен,
Беделі де құбылаға алыс кеткен,
Біздің қолдау – Нұрсұлтандай Президент!
 
«Әкім жолы – халық жолы» бұрыннан,
Жетісу, Арқа, Тарбағатай, Нарыннан,
Әкімдер де іске ерен қыр-қырынан,
Біздің қолдау – Нұрсұлтандай Президент!
 
Ою-өрнекті елдік ділін құрайтын,
Көршілерге Қыран құстай қарайтын,
Тұлғасынан Күннің Нұры тарайтын,
Біздің қолдау – Нұрсұлтандай Президент!
 
Ел ертеңі Елбасының қолында,
Елбасы да елді ойлау жолында,
Қатар ұстар оңы менен солын да,
Біздің қолдау – Нұрсұлтандай Президент!
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ,
«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
www.shakhibbeker.ucoz.kz (shakhibbeker@gmail.com)
Просмотров: 851 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: