10:11
Пікірлі көзқарас

АУДАНЫМЫЗДЫҢ АДЫМДАУЫ АДУЫНДЫ

Биылғы жылдың 7 ақпанында Лебяжі ауданы әкімі Айзада Амангелдіқызының есептік кездесуін һәм атқарылған кешенді іс-әрекеттерге адами-азаматтық тұрғыдан ризашылық білдіргім келеді. Нақты да айқын, қысқа да нұсқа түрде жасаған баяндамалы есеп-ақпаратын сөйлеткенде де, атқарылуы енді-енді қолға алынып жатқан ағымдағы жұмыстар аясын әңгімелегенде де мемлекеттік қызметкерге тән барлық ар-ұждандық критерийлерді жоғары деңгейде таныта алғаны – шынайы үлгі.

Зерделесек, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін әуелетіп отырған ауылшаруашылық секторында жүзеге асқан игі жұмыстар түптеп келгенде діттеген мақсат-мұратына жетіп, абыройлы еңбекті барынша ақтапты. Тіпті кей жоспарларды дамытуға мұхит асып жығылатын АҚШ-тың Дакота штатына дейін қол созуға тура келіпті. Аудан орталығын жарқыратып, ондағы тұрғын үйлер тұрғызу жұмысын оңтайландыру және басқа да игіліктер бірлесе жұмыс жасаудың пырағы емес пе.

Бесқарағай ауылына қатысты мәселелерді де байыппен бағамдаған Айзада Амангелдіқызы тиянақты жауабын орнымен жеткізе алды.

Асылында, осынау ашық есептен соң ауданымыздың адымдауы адуынды екеніне көз жеткізесің, марқаясың.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бгеімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасының орынбасары

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 845 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: