11:57
Павлодар облысы бойынша ҰБТ-2011 қорытындысы
ҰБТ-2011 қорытындысы туралы
Облыста ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 5-і мен 10-ы аралығында 10 Пунктің (ҰБТӨП) базасында өткізілді, оның алтауы Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Качиры, Ертіс аудандарында және Ақсу қаласында орналасқан. Төрт пункт жоғары оқу орындарының базасында орналасқан: Екібастұз қаласында – академик Сатпаев атындағы Екібастұз инженер-техникалық институтында, Павлодар қаласында – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институты, Инновациялық Еуразия Университеті. Успен, Лебяжі, Павлодар және Шарбақты аудандарының бітірушілері ҰБТ-ны Павлодар қаласының ҰБТӨП базасында, Май ауданының бітірушілері – тестілеуді Ақсу қаласында тапсырды. 1368 бітіруші үшін тасымалдау ұйымдастырылған болатын. Бітірушілерді ҰБТ өтетін орынға медициналық қызметкерлер мен жол полициясының қызметкерлері алып жүрді. Мектеп бітірушілердің тұруы және тамақтануы аудандарда және Павлодар қаласында – мектеп және мектеп-интернаты, Ақсу қаласында – ферроқорытпа зауытының Демалыс үйі, Екібастұз қаласында – «Екібастұз» қонақ үйі базасында қамтамасыз етіледі. Тұру орындары мен тестілеу орындарында медициналық, құқық қорғау органдары және төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері кезекшілік етті. Мектеп бітірушілерді тестілеу пунктеріне жіберу кезінде металл құрылғылары қолданылып, ұялы телефондар алынды. 2011 жылғы тестілеуге 5064 мектеп бітіруші қатысты. Өтініш берушілердің 80-і ҰБТ-ға қатысқан жоқ. ҚР БҒМ бұйрығымен халықаралық олимпидалардың қатысушылары болып табылатын 55 бітіруші ҰБТ-дан босатылды, 23-і ҰБТ-ны дәстүрлі емтиханға ауыстырды, денсаулық жағдайына байланысты 2-уі тестілеуден өткен жоқ. Облыс бойынша ҰБТ-ның орташа балы 91,27 балды құрайды (2010 жылы – 88,79). Ең жоғары орташа балл дарынды балаларға арналған облыстық мектептерде байқалады – 107,75, Железин ауданында – 94,58, Баянауыл ауданында – 93,69, Екібастұз қаласында – 93,53, Павлодар қаласында – 92,53. Жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті деңгейден төмен балл жинаған – 416 мектеп бітіруші (қатысушылардың жалпы санынан 8,2%) бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,2%-ға аз. 100 және одан жоғары балды 1887 (37,3 %) қатысушы алды. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артты. Ең жоғарғы 125 балл жинаған 2 оқушы: - Дамир Саликов – Баянауыл ауданы, № 2 Майқайың ЖОМ бітірушісі; - Альбина Асанова – дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей бітірушісі. «Алтын белгі» аттестатын алатын 163 үміткердің 129-і (79,1%) өздерінің білімдерін дәлелдеді. Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен ҰБТ-ны өткізу орындарында Ақсу қаласы мектептерінің 2 бітірушісі шпаргалка пайдаланғаны үшін тестілеуден шығарылды және нәтижелерінің күші жойылды, өзге бұзушылықтар анықталған жоқ.
Павлодар облыстық білім басқармасы
Просмотров: 1004 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: