Ағымдағы жылдың 5 маусымында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің 11 қазақ сынып оқушылары Абу Райымбек, Балғабаева Айдана, Есентаев Алтынбек, Омарова Айжан, Оспанов Қазбек Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынынан мүдірмей өтті. Айталық, Райымбек бес пәннен 83 (сертификатқа кіретін төрт пәннен 62), Айдана 83(69), Алтынбек 77(55), Айжан 74(59), Қазбек 93(75) балл жинап, барлық межелі деңгей һәм талапты молынан орындап шықты. Мектеп бойынша бес пәннен орташа балл 82,0 (2010 жылы 85,8), ал төрт пәннен орташа көрсеткіш 64,0 (2010 жылы 68,2) деңгейін көрсетті. Бейресми көрсеткіштер бойыша әзірге аудан бойынша үшінші орынды иемденіп тұрғанға ұқсаймыз. Ал жекелей пәндерден орташа балл көрсеткіші бойынша көшбастап тұрған қазақ тілі 19,8 (пән мұғалімі Ибраһим Б.К.), артынша биология 19,0 (пән мұғалімі Сейсембеков С.Н.), орыс тілі 18,0 (пән мұғалімі Түсіпова С.Н.). Бәрекелді!
Просмотров: 858 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/06/2011 | Комментарии (0)