10:11
Партиялық біліктілікті арттыру жолында

ПАРТИЯНЫҢ БАҚ-пен ТИІМДІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ

Қай салада болсын біліктілік арттыру ондағы кез келген азамат үшін кәсіби көкжиегін кеңейте түсуге барынша мүмкіндік беретін жауапты әрекет екені аян. Ал партиялық біліктілік арттыру – өздігінен маңызы айырықша мезет.

Жуырда Семей қаласында орын тепкен «Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партия мектебі Шығыс Қазақстан аймақтық филиалында партия филиалдарының партиялық-ұйымдастырушылық, қоғамдық-саяси бөлімдерінің жетекшілері, БПҰ төрағаларына арналған «Партияның БАҚ-пен тиімді өзара әрекеттесуі» тақырыбын айдарлаған үшкүндік семинар ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға «Бесқарағай» БПҰ саяси кеңес хатшысы Сейітова Г.Д. Лебяжі ауданы атынан делегат болып қатысты.

Гүлзия Дәйкенқызының айтуынша, семинар барысында жан-жақтан жиналған қатысушылар «Нұр Отан» ХДП Орталық аппарат жетекшісінің орындасары, э.ғ.к. Орағұлов Р.Қ. «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру туралы», ҚР МАМ ақпарат және мұрағаттар Комитетінің төрағасы Кальянбеков Б.С. «Ақпараттық Қазақстан – 2030» мемлекеттік бағбарламасын әзірлеу және оны іске асыру бойынша міндеттері туралы» онлайн-лекция жүргізсе, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы Смаилова Ғ.Ж. «Нұр Отан» партиясының және атқарушы билік ұйымдарының өзара әрекеттесуі» атты, Шәкәрім атындағы СМУ қазақ филологиясы кафедрасының журналистика бөлімінің аға оқытушысы Даменова Ғ.Ж. «Партияның жағымды имиджін қалыптастыруындағы БАҚ-тың рөлі» атты, «ТВК-6» ТРК авторлық бағдарламасының жетекшісі Кропочева В.М. «Партияның қызметіндегі Public relations» атты пайдалы семинар жүргізсе, СМПИ психология кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. Тұрсынғожинова Г.С. «Партиялық-саяси жұмыстардың қарым-қатынас технологиялары», СМПИ тарих-филология факультетінің деканы, т.ғ.к. Мамырбеков А.М. «Үгіт және насихат технологиясы» делінген тренингтерін ұсынса, «Қазақстан» РТРҚ Семей қаласындағы филиалы директорының орынбасары, бас редактор Нүсіпбаева С.Қ. Семей қаласындағы филиалы тәлімінде «Қазақстан» РТРҚ АҚ-ның саяси партиялармен жұмыс тәжірибесі туралы» қайраткерлік әрекетімен бөлісті. Сонымен бірге қатысушылар семинар соңында арнайы тестілеуден өтті. Оның үстіне үй тапсырмасы ретінде дайындап алып барған инновациялық жобаларды да қорғады. Гүлзия Дәйкенқызы әзірлеген «Ауылдағы жастар мен тұрғындардың демалысын ұйымдастыру» тақырыбын арқалаған жобасына саяси ғылымдар кандидаты, Қазақ қаржы-экономикалық академиясы құқық кафедрасының меңгерушісі Бухаева А.А. пікір білдіріп, жобаның ұтқан тұстары һәм әлі де толықтыратын контексін көрсетіп берді.

Ал семинар шымылдығы түрілмес бұрын Қазақ қаржы-экономикалық академиясының ректоры, з.ғ.д., профессор Матаева М.Х. һәм «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебі Шығыс Қазақстан аймақтық филиалының директоры, т.ғ.к, PhD Самаев А.Қ. қатысушыларға қорытынды түйіндемелерін жеткізіп, әрбіріне сертификат және төсбелгіні салтанатты түрде табыстады.

Қорытындылай келе, осынау партиялық семинар шет-шалғайда жатқан әрі партиялық жұмысты жандандырып отырған бастауыш партия ұйымының хатшысы Сейітова Г.Д. патриоттық қызмет-әрекетін жүйелі түрде дамытуға қомақты пайда берер.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасының орынбасары

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы  

Просмотров: 841 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: