09:26
Оқу жылының аяқталуын ОББ тексеріс елегінен өткізді
Шымылдығы кеше ғана түрілген оқу аптасының 20 мамырында мектебімізге Павлодар облыстық білім беру басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сұлтанбаева Бақытгүл Сағатқызы биылғы оқу жылының аяқталуын тексеру мақсатымен болып қайтты. Сонымен қатар ОББ маманымен Лебяжі аудандық білім бөлімінің бастығы Бижанова Айсұлу Қайроллақызы бірге келді. Ай бұрын таратылған тексеріс жадынамасы бойынша нормативті құжаттаманың жинақталуы, мектеп басшысы жанындағы кеңестер, ата-аналар жиналыстары хаттамалары, ҰБТ бойынша дайындықтың сараптамалық-салыстырмалы есебі, басқарманың оқу жылын аяқталу кезіндегі әрекеті, емтихан құжаттамасы тексері елегінен өтті. Бақытгүл Сағатқызы орындалған жұмыстарға көңілі толды. Дегенмен кейбір аз-маз олқылықтарды тез арада жою бойынша да ақыл-кеңесін де жеткізді.
Просмотров: 864 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: