09:13
Оқу жылы аяқталды, дегенмен...
5-8, 10 сыныптардағы көктемгі сыныптан сыныпқа көшуде өзара көпір сыңайлы екі пәндік емтихандар биылғы жылдың 28 мамырында басталып та кетті. Ал 9 сыныптар кеше алғашқы мемлекеттік емтихан сынынан өтті. Егер орыс тілінде білім алып келген үш оқушы орыс тілінен дәстүрлі диктант жазумен шектелсе, қазақ тілінде оқып жүрген алты оқушы, тереңдетілген сынып болғандықтан, қазақ тілі мен әдебиетінен астрономиялық өлшеммен алғанда алты сағат бойы шығарма жазумен әуреленді. Оқу жылын аяқтау бойынша бұйрықтарға сәйкес әрі кезінде тығырыққа тіреген метеорологиялық жағдайларға байланысты 10 сынып оқушыларының оқуы кеше ғана тәмамдалды. Олар үшін емтихандар ертең басталады. Ал 11 сыныптың бес түлегі үшін ұлттық бірыңғй тестілеуге дайындық соңғы айналымы жүріп жатыр. Сын сағатына бар-жоғы бір апта ғана қалды. Бір сөзбен айтқанда, тоқым да мықталсын, айыл да тартылсын.
Просмотров: 982 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: