09:05
Наурыз нақыштары

НАУРЫЗ-КӨКТЕМ

Кезіп жүр ғой Наурыз-көктем даланы,

Шыныланған үйлері бар қаланы.

Кешегі қар шалшық суға айналып,

Аралап жүр тынымсыз айналаны.

 

Құстарменен Наурыз-көктем сайрады,

Жыр-әнімен мейірлене баурайды.

Түрлі-түрліше саз-әуенге басып,

Иманға толы асыл сезімді қайрайды.

 

Самалменен Наурыз-көктем қыдырар,

Сылдыр бұлақ ылди аңсай зымырар.

Тұс-тұстан Жер-Ана менмұндалап,

Шырақ-жанар айналаға зер салар.

 

Жылуымен Наурыз-көктем әрленер,

Жанды-жансыз өзгерер һәм түрленер.

Сәулелі Күн жоғарыдан төмен қарап,

Жылы нұры Жер құшағына енер.

 

Түрлендірді Наурыз-көктем табиғатты,

Шашудайын шашты мейірім-шапағатты.

Адамдардың жан-жүрегі гүл-гүл жайнап,

Құдіреттеуде Аллаға деген махаббатты.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 407 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: