16:37
"Нұр Отан" ХДП: Жоғарғы партия мектебінде
САЛИҚАЛЫ һәм САРАБДАЛ СЕМИНАР
«Кешегі – Тұран, бүгінгі – Қыран» дегеннің айқын айғағы бар, Бейбітшіліктің, Бірліктің, Ынтымақтастықтың символын болып табылатын аспан түстес Байрағы бар, Елтаңбасындағы «Қазақстан» жазуы жаһанға жар болатын еліміздің асыл төрі Астанадағы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының (ХДП) Бас аппаратының ғимаратында 2010 жылдың 8-10 желтоқсан аралығында Жоғарғы партия мектебінің (ЖПМ) мұрындық болуымен Қазақстан бойынша ХДП-ның бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына (БПҰ) арналған «Индустриялық-инновациялық даму жағдайындағы партия қызметінің басымдықтары» тақырыбымен семинар-оқу ұйымдастырылды. Сондайма маңызы бар осынау шараға тоқсанға тарта БПҰ төраға жер-жерден жиналды. Семинар-оқудың біріншіжұмыс күнінде «Нұр Отан» ХДП ЖПМ директоры, экономика ғылымдарының докторы,профессор Есекина Бақыт Қамалбекқызы тыңдаушыларды құттықтаса, іле директордың орынбасары, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мұхамеджанова Әлия Ғафурқызы атаулы семинар-оқудың модераторлық, яғни ұйымдастырушылық жақтарын егжей-тегжейлі айқындап берді. Лекция үдерісінің тізгінін алғаш боп ұстаған Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі индустриалды-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі Айтаев Ринат Құрментажұлы тыңдаушылар назарына Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИД МБ) жүзеге асырудағы басымдықтар жағын тілге тиек етіп, слайд арқылы мүшелеп берді. Тыңдаушы төрағалар үдерісті жаңалықтарға, үрдісті инновацияға қанық болды. Кофе-брейктен соң жалғасын тапқан лекцияны «Қазақстан индустриялық даму институты» акционерлік қоғамының Президенті Қажыкен Мейрам Зекешұлы жалғастырып, БПҰ төрағаларына ҮИИД МБ шеңберінде бүгінгі қолданыстағы кәсіпорындарының модернизациялануы турасында ауқымды әңгіме қозғап, технологиялық аудиттің алдын-ала қорытындылары һәм жобаның тұжырымдасы аясын, қолға алынып, іске асып жатқан қыруар жұмыстар жайын тәптіштеп айтып қана қоймай, арнайы презентация арқылы көрсетіп те берді. Түскі үзіліс бітісімен тыңдаушылар үш топқа бөлінді. Бірінші топпен, оның ішінде осы жолдардың авторы да бар, іскер және тұлғааралық коммуникация саласындағы тәуелсіз бизнес-консультанты, тренер Аяпбергенова Гүлмира Болатқызы, екінші топпен «АсСалазар» лингвистика орталығының оқытушысы, тренер-әдіскер Аймағанбетова Тайтөлеу Көккөзқызы, ал үшінші топпен жетекші тренер – Риторика және шешендік өнер университетінің лицензиаты (Мәскеу), Астана қаласындағы «НИКА» Шешендік өнер орталығының басшысы Әкімжанова Меруерт Аманбекқызы көпшіліктің алдында сөз сөйлеу шеберлігі турасында қызықты да тартымды психологиялық тренинг өткізіп, тыңдаушылар бойында жұрт алдында еркін де шешен сөйлеудің қабілет-қарымын қайрай әм ұштай түсті. Семинар-оқудың екінші жұмыс күнін Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ыдырысов Құттықожа Ыдырысұлы еліміздің ҮИИД МБ бюджетін қалыптастыру жағын сөйлеткен лекциясымен ашты. Мұнда да БПҰ төрағалары сондайма бағдарламаны қаржыландыру тетіктерімен етене таныс болып, стратегиялық маңызы бар ақпаратпен қаруланды: лекцияны мұқият тындады, слайдты зерделей қарады. Кофе-брейктен кейін мінбеден сөз алған «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік даму департаментінің директоры Нұркенова Назгүл Төлеуғалиқызы өз кезегінде тыңдаушылар назарына ҮИИД МБ шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы хақында, оның ерекшеліктері, тиімділіктері һәм формалары турасында лекциялы-презентациялы кең құлаш жайды. Түскі үзілістен соң Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры Тортаев Бауыржан Қадырұлы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы – дағдарыстан кейінгі кезеңдегі кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы жайында маңызды әңгімеледі. Слайд арқылы өзін ақтап үлгерген әрі жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізген жол картасының баянды болашақ боп менмұндалап шақырып тұрған онжылдықтағы қадамдарын болжады. Бағындырар белестер һәм алынар асулар үлкен үміт ұялататынына БПҰ төрағаларының көзі жетті. Ал лекциялар легін тәмамдаған «Нұр Отан» ХДП Ұйымдастыру-партиялық жұмысы департаменті инспекторы Темірова Бақыт Өміртайқызы өз кезегінде индустриялық-инновациялық даму жағдайындағы бастауыш партия ұйымы жұмысын ұйымдастырудың ұтымды да тиімді жолдары жайын тілге тиек етті. Кешкісін ЖПМ семинар-оқуға жиналған тыңдаушыларды арнайы жайлы автобустарға жайғастырып, Елорданың өндірістік аймағында орналасқан локомотив құрастыру зауытына алып барды. Онда БПҰ төрағаларына ҮИИД МБ нысаны болып табылатын осынау кәсіпорында көшпелі сарамандық сабақ өткізді. Негізінен, Астанадағы сондайма локомотив құрастыру зауыты ТМД-да теңдесі жоқ һәм бірегей өндірістік кәсіпорын болып табылады. Былтырғы жылдың қарашасында ғана іске қосылған зауыттың биылғы қарқыны кәдуілгідей көз қуантады. Жұмыс жасау үшін барлық жағдай оңтайлы қарастырылған. Тіпті мін жоқ деуге тұрарлық. Семинар-оқуды қорытындылаған үшінші жұмыс күнінде тыңдаушылардың басым бөлігі шараны қаншалықты меңгергенін нәтижелейтін аттесттаттауды тест тапсыру арқылы айқындаса, БПҰ жер-жердегі жұмысының тиімді жүзеге асырылып жатқанын я асырылуға бағытталғанын көрсететін тоғыз жоба қорғалды. Жобаларды арнайы құрылған аттестаттау комиссиясы мұқият тыңдап, тиісті пікірлерін ортаға салды. «Нұр Отан» ХДП Ұйымдастыру-партиялық жұмысы департаментінің директоры Ихданов Ақылбек Жәмелұлы қорғалған жобалар аясында, жалпы БПҰ жұмысын ұйымдастыру турасында өз қомақты ойын ортаға салып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауап қайтарды. Семинар-оқудың қорытындысында «Нұр Отан» ХДП ЖПМ директоры Есекина Б.Қ. барлық тыңдаушыларға, тоқсанға жуық БПҰ төрағаға, «Нұр Отан» Халықтың Демократиялық партиясының Жоғарғы партия мектебінде «Индустриялық-инновациялық жағдайындағы партия қызметінің басымдықтары» тақырыбы бойынша 2010 жылғы 8-10 желтоқсан аралығында біліктілікті арттыру семинарын бітірді» деп жазылған СЕРТИФИКАТ, сонымен бірге ЖПМ логотипі бар төсбелгі һәм үшкіндік семинар-оқудың жадығаттары топтастырылған компьютерлік диск салтанатты түрде табыс етілді.
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
семинар-оқудың тыңдаушысы
«Нұр Отан» ХДП Бесқарағай ауылы бойынша БПҰ төрағасы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
shakhibbeker@gmail.com
Просмотров: 1150 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: