00:25
Нән Наурыз нақыштары

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Шығыс халықтарының шырайлы, көгілдір көктемнің тамылжыған төл мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен  құттықтаймын.

Наурыз мейрамы  шуақты көктемді құшақ жая қарсы алатын халқымыздың шаттыққа толы дәстүрлі мерекесіне айналды. Бірлік пен достықтың жаршысы әз-Наурыз қазақ жеріне, қазақ халқына бейбітшілік, ізгілік пен мейірім, татулық, әр шаңыраққа қуаныш, молшылық, бақыт пен тыныштық ұялатсын.

Егемен еліміз – Қазақстанның экономикасындағы және әлеуметтік саладағы оң өзгерістер нұрлы болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.  Бірлік және ел мен жанұя үшін еңбек ету – бұл өлшемдерге әр азаматтың, әр жанұяның ырыс-берекесі тиесілі.

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Баршамызға бақыт, құт-береке, зор қуаныш әкелсін! Ұлыс оң болсын, бақ-дәулет мол болсын, ырыс пен береке қонсын!

Просмотров: 1079 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: