23:33
Нән Наурыз нақыштары

ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕП ТОЛҚЫТАР

Әйел деген - бiр әлем!
Келiс мейлi,келiспе.
Әр отаудын Күнi ол,
Орбитасы ерекше!!!
Әр ошақтың жылуы,
Бақыты мен бағыты.
Әр жiгiттiң жартысы 
Таңдап алған сұлуы!!!
Әйел деген – бiр әлем!
Ай да, Күн де бiр озi,
Түнi де оның жап-жарық,
Жарықтың жалғыз көзі! –

деген ұйқас қуалай үйлескен өлеңді пырақтайын желбірете асқақтатып, бірімізге – Ана, бірімізге – Әже, қайсымызға – Апай, Әпке, кейбірімізге – Қарындас, құтты орында – Келін, Бәйбіше, болашағы баян ортада – Жанжар. Қалай десек те қызға деген құрмет-қошемет – қайталанбас шуақ-шақ.

Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залы сахнасында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған игі дәстүрге айналған «Жүректі тербеп толқытар» делінген концерттік бағдарлама көрермендер назарына көрсетіліп қойылды. Салтанатты шараның ресми бөлімінде Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Балтабаев Е.Н., Бесқарағай ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Темірғалин С.Ә. нәзік те аяулы жандарды мерекемен шын жүректен құттықтап, жігіттік тілектерімен нұрландырды. Еңгілік Нұрғалымұлы бесқарағайлық бірнеше іскер әйелге ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін өркендетуде абыройлы еңбек атқарып жүргені үшін Алғыс хат һәм көктемгі жанды гүл шоғын табыстады. Осынау құрметке бөленгендер ішінде мұғалімдер де, техникалық қызметкерлер де, ауылдық әкімшілік қызметкер мамандары да, «Бесқарағай-Әлкей» ЖШС жұмысшылары да құрақ көрпедегі құрақтай жарасып қалды.

Ал ән мен биге толы мерекелік концертке жергілікті көркемөнерпаздармен бірге аудан орталығы Аққу ауылынан арнайы шақырылған танымал әншілер Мүстимова Н.Т. мен Мұхамедин А. қатысты. Эстрадалық әуеннің сүйемелдеуімен көрермендер назарына бастауыш сынып оқушыларынан құрамдалған «Тұмар» би тобының орындауында қазақ, үнді, кукарелла билері нақышына келтіріле орындалды. Балғындарға көркемдік жетекшілікті ұстаз Жанпейісова М.Ғ. жасайтынын атап өткен де артық болмас. Сонымен бірге аққулық әнші Нұрсұлу Тоқтарқызы танымал «Көктем вальсі», «Мама», бесқарағайлық әнші Ләйлә Қазбекқызымен бірге «Армансыз күнің қайда», «Әгугай» әндерін шырқаса, Мұхамедин Азамат «Қыздар», «Әттең тоңның келтесі-ай», «Сенің анаң алтын» әндерімен көрермендер қошеметіне бөленсе, 7 сынып оқушысы Увакова Алуа «Мектебім», «Ана жүрегі» әндерін нақышына келтіре айтса, 2 сыныпта оқитын кішкентай бүлдіршін Серікпай Айдана «Қуыршағым» әнімен, Ләйлә Қазбекқызы «Перзент сыры» әнімен, Қуат Анатолийұлы «Анашым» әнімен, Бегімхан Керімханұлы «Сенің көзің», «Перо жар-птицы» әндерімен қадірменді көрермендер ықыласына бөленді де.

Асылы, биыл өткізілген осынау мерекелік концерт есте ұзағынан қалатын болды.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1612 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: