19:06
Өмір өрнектері

НЕКЕ ЖҮЗІГІ ХАҚЫНДА
    

Әлбетте, бас бармақ – әке-шешелеріміз сияқты, балаң үйрек – аға-әпкелеріміз сияқты, ортаң терек – өзіміз сияқты, шылдыр шүмек – ерлі-зайыптылар сияқты, кішкене бөбек – бала-шағамыз сияқты. Мына суреттегідей екі қолыңыздағы саусақтарыңызды бір-біріне түйістіріңіз. Ортаң терек саусағыңызды суреттегіше екі алақан арасына майыстыра кіргізіңіз. Осы халде екі бас бармақтың ұшын ашыңыз (бір-біріне тигізбеңіз). Екі саусақтың ажырағанын көресіз. Бұл дегеніміз – күндердің-күнінде әке-шешелеріміз қартайып, табиғат заңдылығымен бақилық болып, өмірде ажырайтынымызды білдіреді. Екі балаң үйрек саусағыңызды ашып көріңіз. Бір-бірінен ажырағанын көресіз. Бұл дегеніміз бір күні аға-әпкелерімізден бірі үйленіп, бірі тұрмыс құрғаннан кейін бөлек кететіндіктен, бірге бола алмайтындықты білдіреді. Енді екі кішкене бөбек саусағыңызды ашып көріңіз. Бұл жерде де ажырағанын көресіз. Бұл дегеніміз бала-шағамыз да күні келіп бірі үйленіп, бірі тұрмысқа шығып, бөлек кететінін білдіреді. Ал енді неке жүзігі тағылатын шылдыр шүмек саусақтарыңызды ашып көріңіз. Бір-бірінен ажырағысы келмей, ашылмайтынын көресіз. Бұл – екі жұптың мәңгі бірге деген ұғымды білдіреді деумен неке жүзігі сол төртінші саусаққа тағылады екен. Міне, ардақты ағайын, қарап отырсақ Жаратушы Иеміз әрбір дене мүшеміздің өзінен үлкен ғибратты нәрселер жаратып, өзінің хикметін сездіріп қойған. Осы жерде  хакім Абай атамыздың мына шумағын бір оқып көрелік:                                                                                                                                                  Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұр
а алмасқа.
Адамды сүй, Аллаһтың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа.
                                                                                                  Абзалында, саусақтың осы бір хикметін ұққаннан кейін кімде болмасын өз ойын өрге бір жетелейді. Осының өзі Алланың бір хикметін сезгендік болар. Мысалға алып отырған қолымыздан ауытқымай бес-бестен құралған екі алақанымызды ашып тағы бір үңіліп көрейікші, Алланың және бір хикметі ашыла түседі. Оң алақанымызда арабша 18 (۱۸), сол алақанымызда 81 (۸۱) деген сан шығады. Сол екі санды қосқанда әл-әзір бұрыннан бар болған әлемдердің Раббысы Алланың 99 көркем есімдерінің санын көрсетсе, екі алақандағы 81 санынан 18 санын алатын болсақ, жер бетіне рақым болып, ең соңғы Пайғамбар әрі Елші болып келген әз-Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) дүниеден 63 жаста өткендігін көрсетіп тұр емес пе?! Әрине, бұл белгілерде басқа да үлкен хикметтер жатқан болуы да мүмкін. Дегенмен осы бір кішкене ой жүгіртетін нәрсені жүрекке тоқып қойғанымыз жөн болар. Ендеше, ардақты ағайын, бүгінгі күні ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі артып, ажырасулар көбейіп бара жатыр. Екі қолымызда ескертіліп тұрғандай бір-бірімізбен ажырамауға, дүниеге келген ұрпақтардың болашағы һәм олардың алдындағы үлкен парызымызды естен шығармауға тырысайық. Ол үшін Алланың 99 көркем әрбір сипатына мән беріп, мына дүниенің өткінші жалғандығын, жалғыз Аллаһ қана мәңгі екенін білумен қатар, оған деген құлшылығымызды жасайық. Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыздың да (с.а.с) дүниеден өткенін меңзеп тұрған алақанымызға жиі қарап, осы дүниеге келгеніміз жай әншейін емес екенін естен шығармай, біздерге белгісіз бір уақытта аяқ астынан келер ажалға дайын жүрейік, ардақты ағайын. Абай атамыз айтқандай адамды (бір-бірімізді) сүйіп, Аллаһтың хикметтерін сезіне білейік. Саусақ пен алақанның бірер хикметін тілге тиек еттік. Негізінде, он саусақ пен алақанның атқарар қаншама қызметін ақыл иелері ойланбай-ақ білері хақ. Олай болса Алланың алдындағы міндеттерімізді де бір ойланып қоялық.

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Просмотров: 981 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: