12:57
Мектепке жол

БАЛАҒА МЕЙІРІМ СЫЙЛА

Бүкіл ел бойынша өткізіп жатқан «Мектепке жол» акциясы жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің алдында ұйымдастырылды.

Бұған дейін мектеп әкімшілігін ескерте отырып, ауылдық әкімшілік аппаратымен ақылдаса отырып Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің ата-аналар комитеті мүшелері әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе ауылдың жеке кәсіпкерлеріне, мектеп қызметкерлеріне, жалпы барлық ауыл тұрғындарына «Балаға мейірім сыйла» үндеуімен шыққан еді. Артынша қайырымды жандар мұқтаж жандарға бар жақсылығын, игілігін тарту етті.

Небәрі жарты айдын ішінде күні жақындап қалған жаңа оқу жылына киім-кешек һәм оқу құралдар жағынан қамтылуда әл-әзір мұқтаждыққа тап келіп отырған көп балалы, әлеуметтік жағынан мүмкіндік шектеулі жанұяларға демеушілік жасау көңілді жадыратты. Мектеп жасындағы балаға мейірім сыйлауда сауда-саттықпен айналысып жүрген жеке кәсіпкерлер Н.Увакова, Л.Ахметова, Қ.Тиканова, фельдшерлік-акушерлік пункт қызметкерлері А.Ахметова, Р.Қайырбаева, ауыл имамы Жамбыл ақсақал, Қызылағаш ауылдық округінің аппараты, ауылдық пошта байланыс бөлімшесінің басшысы Д.Дөненбаева, «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мектеп мұғалімдері Б.Ибраһим. Б.Құсманова, мал дәрігерлік пункт меңгерушісі А.Оспанова, ауыл тұрғыны Б.Шонова, әлеуметтік қызметкерлер К.Омарова, С.Ибраимова адами-азаматтық тұрғыдан аянып та, тартынып та қалмады.

Акцияны өткізуді тізгіндеген Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Жанпейісова «Балаға мейірім сыйла» шарасына қатысқан, мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық көрсеткен азаматтарға мектепішілік қорғаншылық кеңесінің төрайымы ретінде шын жүректі алғысын білдірді. Үсті-бастары жаңарып, оқу сөмкелері қампиып қалған мектеп жасындағы балалар бір жасап қалды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 686 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: