ХАКІМ АБАЙ ПӘЛСАПАСЫ

Әлбетте, әр жылдың тамыз айында қазақтың маңдайына дара туып, дана атанған Құнанбайдың Абайына деген көңіліміз асқарлана асқақтайды. Себебі жаймашуақ жаздың тамылжыған осы айында осыдан жүз алпыс тоғыз жыл бұрын жарық дүние есігін ашып еді. Қазақтың бас ақыны һәм хакім Абай жайында шет-шексіз айта беруге болады. Бұл жолы Абай атындағы Семей облыстық кітапханасының танымдық құдіреті зор осынау құнды мәліметтеріне назар аударайық, себебі бұл – тарихи ақиқат.

 

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейд ... Читать дальше »

Просмотров: 1061 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/08/2014 | Комментарии (0)

САУАПТЫ ІСКЕ СЕРІКТЕС БОЛСАҚ ИГІ

Күн санап жақындап келе жатұан жаңа оқу жылы қарсаңында игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы кең-байтақ еліміздің барлық елді мекендерінде бастау алып, қызу түрде өткізілуде. Осынау акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп жасындағы балаларға қолдау көрсету һәм олардың алаңсыз білім алуларына барынша жағдай жасау. Акцияны өткізудің негізгі міндеттері – қоғам назарын балалардың бастауыш, негізгі, жалпы орта білім алу құқығын сақтауға, өмірдің қиын жағдайына душар болған жасөспірімдер проблемасына аудару, әр баланың жағдайы үшін мүдделі құрылымдармен өзара қызмет ету.

Өкінішке орай, қоғамдағы әлеуметтік жағдай біз ойлағандай бірдей оңтайлы бола бермесі бесенеден белгілі жайт. Қалалы болсын, ауылды болсын елді мекендерде әлеуметтік мұқтаждықтан, жағдайдың шектеулігінен теперіш көріп отырған жанұялар жетіп артылады тағы. Бұнд ... Читать дальше »

Просмотров: 709 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/08/2014 | Комментарии (0)

ҚЫЗЫЛЫАҒАШҚА ҚАРАСТЫ МЕКЕНДЕР ЖАҒЫРАПИЯСЫ

Лебяжі ауданына қарасты Қызылағаш ауылдық округіне қарасты елді мекендер кезінде әлеуметтік-экономикалық әлеуеті қажырлы еңбек арқылы әуелеген еді. Әсіресе асыл тұқымды биязы жүнді солтүстік меринос қойын өсіруде, ірі қара мал өсіруде абыройы асқақтаған еді. Бұл мекендерде әжептәуір халық тәп-тәуір тірлік-тіршілігін дөңгелентіп отырды. Қазіргі кезде ауылдық округ орталығы Бесқарағай ауылынан, «шықпа, жаным, шықпамен» жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған Босбос (Подпуск) бөлімшесінен басқасының жел гулеген, қанбақ кезген бос орындары қалды. Дегенмен Қызылағашқа қарасты мекендер жағырапиясының шаңын бір қағуды жөн санадым. Ескерте кететін бір жайт – жан-жақтан жинақталған мәліметтер болғандықтан, кейбір сәйкессіздіктер орын алуы мүмкін, сондықтан алдын-ала кешірім сұраймын.

 

Қызылағаш ауылдық округі 1939 жылы құрылды. Оған Бесқарағай және Босбос (П ... Читать дальше »

Просмотров: 768 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/08/2014 | Комментарии (1)