09:41
Мектепішілік бақылау жүйесінде
2009/2010 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік бақылау бағытында орындалған жұмыстар хақында ақпарат
Мақсаты: білім мекеменің оқу-тәрбие жұмысының жағдайы туралы толық және жан-жақты мәліметті жинап, оқу-тәрбие үрдісіне уақытында түзетулерді кіргізу, мұғалімдерге көмек көрсету, оқушылардың өз бетімен білімді қабылдау әдістеріне, даму деңгейіне, білім қабылдауға кезең бойынша бақылау жасау.
Міндеттері - Білім беру ұйымын дамыту бағытында қолайлы жағдайлар туғызу; - Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық өсуін қолдау; - Бақылаудың түрлерін біріктіріп сәйкестендірудің тиімділігін арттыру;
Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік бақылау бірінші жартыжылдық үдересінде мынадай тексерістер төңірегінде жүзеге асырылды: І БЛОК: НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫСТЫ БАҚЫЛАУ. Оның ішінде: Күнтізбелік тақырыптық жоспарлар (2009-2010 о.ж. ҚР-ның ЖББ ұйым-дарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат). Оқушылардың сабаққа қатысуы немесе ОТҮ ұйымдастыру (ҚР Білім туралы заңның орындалуы: Жаппай оқу туралы бұйрықтың орындалуы). Оқушыларды тамақтандыру (Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру). ІІ БЛОК: МЕКТЕПІШІЛІК ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫСТЫ БАҚЫЛАУ (№ 19-бұйрықтың орындалуы) Оның ішінде: Сынып журналдары (Сынып журналдарын толтыру тура-лы кеңес беру). Оқушылардың дербес ісі (№ 19-бұйрыққа сәйкес жүргізілуі). Оқушылардың алфавит кітабы (№ 19-бұйрыққа сәйкес жүргізілуі). Факультатив журналдары (Уақтылы дұрыс толтырылуын тексеру). Техникалық қауіпсіздік журналдары (Сақтандыру шараларының жүргізілу деңгейі). Үйірме журналдары (Уақтылы дұрыс толтырылуы, бағдар-ламаның орындалуы). Кеңес, отырыстардың хаттамалары (жүргізілу тәртібі, №19-бұйрыққа сәйкес жазылуы). Оқушылардың табельдері (Толтырылуы, тоқсандық бағалар-дың дұрыс қойылуы). ІІІ БЛОК: ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ Оның ішінде: Әкімшілік бақылау жұмыстары (Мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуы; оқушылардың ББД деңгейі (4,5,9,11). Оқу дағдысы (2 - 4 сынып оқушыларының қазақ тілінен оқу дағдысының деңгейі). 4,9,11 сыныптар (4,9-сыныптардың МАБ, 11-сыныптардың ҰБТ дайындық деңгейі). IV БЛОК: ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН БАҚЫЛАУ Оның ішінде: 1-11 сыныптар (Оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы). Тәрбие жоспарлары (Тәрбие жұмыстарын жоспарлауда кеңес беру, әдістемелік көмек беру). Сынып жетекшілерінің жұмыс сапасы (Сынып жетекшілерінің тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс шаралар-дың ұйымдастырылу деңгейі, ата-аналармен жұмыс, күнделіктермен жұмыс жүргізу сапасы, үлгерімі төмен, сабақты көп босататын, тәртібі қиын оқушылармен жұмыс). Оқушылардың сырт келбеті (Мектеп Ережесіне сай киіну). Еңбекті қорғау (Техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің алдын алу). V БЛОК: МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ Оның ішінде: Жас мамандар мен ұстаздар (Әдістемелік дайындығының деңгейін анықтау, Әдістемелік көмек көрсету). Жоғары санатты мұғалімдер (Еңбек өнімділігінің деңгейін бақылау). Мұғалімдердің әдістемелік және кәсіптік деңгейі, өз ісіне деген жауапкершілігі (мектеп талабының шешілу деңгейі, сабақ жоспарларын жазу сапалығы, саралап оқыту жағдайы, дарынды оқушылармен жұмыс барысы, әдістемелік жоспарларды бекіту деңгейі, өздігінен білімін көтеру ж/е біліктілігін жетілдіру жағдайы). VІ БЛОК: ОҚУ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙДЫ БАҚЫЛАУ Оның ішінде: Мектеп кітапханасы (Оқу әдебиеттерімен, әдістемеліктер-мен қамтамасыз етілу жағдайы). Мұғалімдердің еңбек тәртібі (Мұғалімдердің еңбек тәртібін орын-дау деңгейі). Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы (Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау). Оқушыларды тамақтандыру немесее ыстық тамақ (Ыстық тамақтың ұйымдастырылу сапасы). Бірінші жартыжылдық барысында жоғарыда тізбектелген бақылаулардың басым бөлігі жүзеге асырылды. Әсіресе, мектеп оқушыларының күнделіктерін тексеру, жас мамандардың жұмысына бақылау жасаумен қатар әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік аралық бақылауға, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысын бақылау және басқа да блок және нысандарды атап өтуге болады. Дегенмен, әлі де қиындық жасап отырған блок пенен нысандар баршылық. Олардың ішінде сынып журналдарын талапқа сай толтырылуын бақылауды, үйірме журналдарын қадағалауды, кеңес, отырыстардың хаттамаларының тиісінше ресімделуін бақылауда және басқа да бақылау түрлерінде шешімін анық таппай келе жатқан тұстары барын айтып өту заңды. Ендігі жерде осылармен күрес жүргізіп, тиісті қалыпқа түсіру жұмыстарымен айналысу міндеттеліп отыр.[1] [1] Дайындаған: Ибраһим Б.К., МДОІО, 30345

Просмотров: 5702 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 4.1/7
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: