09:23
Мектеп ырғағы
Айтулы әйгілегіш толқынында \
АЛЫНҒАН АСУЛАР һәм БАҒЫНҒАН БЕЛЕСТЕР \ 
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы \ 
Талаптанған шәкірттің қырандана самғап, құз-қияларды бағындырып, жетістікке қол жеткізуі оны баптаған ұстазға қайталанбас һәм бірегей береке болып табылады. Ондай-ондай оқушы өзіндік сара жолы бар Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде де жетіп артылады. Өтіп жатқан оқу жылының екінші тоқсаны барысында жылдағы дәстүр бойынша аймағымызда бірегей білім ошағы «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы ауылды мекен мектептерінде облыстық зияткерлік, интеллектуалдық, марафонын өткізіп келеді. Осынау үдеріс биылғы оқу маусымында да дағдылы да даңғылды жолын жалғастырды. Бойына негізгі үш пәнді жинақтаған бұл сынға мектебіміздің 4-9 сыныптарынан он бес оқушы қатысты. Орталықтан жіберілген тапсырмаларды қатысушы оқушылар өздігінен орындап, «талап, еңбек, терең ойды» ту етіп, бойдағы бар ойын салып бақты. Жуырда ғана нәтижесі белгілі болғандай, 8 сыныптарда білім алып жүрген алты оқушымыз – Жұмабек Мәдина, Қазбеков Мағжан, Қадырханова Айнұр, Табылды Рустам, Важниченко Анастасия, Шәріпова Нұрилә облыс көлемінде ұйымдастырылған аталмыш марафонда «Ертіс дарыны» АҒТО тарапынан жүлделі орындарға иелік етіп, арнайы дипломмен һәм естелік сыйлықпен салтанатты түрде марапатталды. Айта кететін бір жайт, аудан бойынша жүлделі орындарға иелік жасаған тоғыз оқушының алтауы бесқарағайлық зияткер марафоншылар болғандығында. Осынау жетістіктер легін кейінгі толқынды лек қуып, жетістік тұғырын әсемдей түсті. Айтпағымыз, үшінші тоқсан бастылысымен шымылдығын түрген 8-11 сынып оқушылар арасында негізгі пәндерден өткен аудандық олимпиадаға қатысқан он бір бесқарағайлық үміткердің төртеуі жүлдегерлер мінберінен көріне алды. Бүтінді бөлшектегенде, 11 сынып оқушысы Увакова Арайлым және 8 сынып оқушысы Қазбеков Мағжан Қазақстан тарихынан тиісінше ІІ һәм ІІІ орындарға ие болса (пән мұғалімі Байханова Л.А.), 11 сынып оқушысы Шаймұратқызы Жаңанұр физикадан ІІІ жүлдені қанжығасына байласа (пән мұғалімі Берден Ш.), 9 сынып оқушысы Корнеев Владислав қазақ тілінен ІІІ орынды қанағат тұтты (пән мұғалімі Қабдуова К.Қ.). Зерделесек, қатарда жүрген оқушыларымыз тек қана мектеп көлемінде ғана емес, одан тысқары мекенде де өзін таныта алар деңгейге қол жеткізіп отыр. О да болса, алдымен өз ынта-талабы, сонымен қатар пән мұғалімдерінің қажыр-қайраты деп ауыз толтыра айтуға жарап та, жарасып та тұр.
Просмотров: 1006 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: