17:57
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

491. Он немесе одан да көп адамға басшы болған кісі қиямет күні екі қолын желкесіне қойып тұрады. Егер ол әділ басшылық еткен болса, әділет келіп қолдарын босатады. Залымдық жасаған болса, зұлымдық келіп, қолдарын одан сайын бекемірек байластырып қояды. Лауазым басы – кінәлау, ортасы – өкініш, соңы – қияметтегі шерменделік.

492. Пенденің иман таразысына салатын жақсы мінезінен артық ісі жоқ. Оның дәрежесі – намаз және оразамен бірдей.

493. Алла алдында тура сөзден артық садақа жоқ.

494. Қайсыбір мұсылман өз досының еңбек ақысына сыртынан өзіне дұға оқытып алса, бір періште бұл пендеге. «Саған да осындай болсын», - деп тұрады.

495. Қайсыбір пенденің мойнында қарызы болып, оны қалайда өтеу ниетінде жүрсе, Алла оған жәрдем көрсетеді.

496. Бір-ақ түрлі ниет жоқ, қалай болуы Алланың қолында, қаласа ниетін туралап қояды, қаламаса адастырады. Дәрежелер таразысы да Оның қолында. Қияметке дейін біреулердің дәрежесін өсіріп, екінші біреулердің дәрежесін төмендетіп тұрады.

497. Қайсыбір мұсылман егін ексе немесе миуалы жеміс ағаштар отырғызса, олардан құстар, адамдар яки хайуандар да жесе, осының бәрі ол үшін садақаға жатады.

498. Екі мұсылман өзара кездесіп, қол берісіп амандық сұраса, олар ажырасып кетпей тұрып-ақ Алла күнәларын кешіреді.

499. Адам тәнінде қарыннан жаман ыдыс жоқ. Бірнеше рет асаған тамақ адамға жеткілікті. Егер қажет болса, қарынның үштен бірін тамаққа, тағы үштен бірін суға, қалған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын.

500. Әрбір ата өз перзентіне мінез-құлқынан артық асыл мұра қалдыра алмайды.

501. Жақсы достық – ұсақ-түйек (иіссу, әтір, сабын) сататын дүкен сияқты. Ешқандай сауда жасамасаң да, дүкендегі заттардың иісінен ләззат алып тұрасың.

502. Елге жақсы насихат айтып, бірақ оны өзі орындамайтын ғалым – кәдімгі жан-жағына жарық шұғыла шашып, бірақ өзін күйдіріп тұрған шамшыраққа ұқсайды.

503. адамның көңілі сахарадағы құс қанатының қаырсыны секілді: самал оны бірде олай, бірде бұлай аударып тұрады.

504. ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей.

505. Қайсыбір халықтың ішінде қылмыс пен күнәні істейтіндерден – істемейтіндер көп болып, шамасы келіп тұрса да оларға тыйым салмаса, Алланың апаты бәріне ортақ болады.

506. Адам баласы жаратылғанда өлімнің 99 себебі бірге жаратылған. Егер содан сақтанып өмір сүрсең ғана кәрілікке жетесің.

507. Үмбеттерім кәдімгі жаңбырға ұқсайды. Жаңбырдың бастаулы да, басылуы да пайдалы.

508. Менімен салыстырғанда сендер кәдімгі жанып жатқан отқа өздерін өздері тастайтын жынды көбелек немесе шегіртке сияқтысыңдар. Мен сендерді отқа түсуден сақтау үшін белбеулеріңнен ұстап қанша тартқаныммен, қолымнан шығып кетіп, өздеріңді отқа тастай бересіңдер.

509. адамдардың жарастығының мол болуы – садақадан кем емес.

510. Өздерің орындамасаңдар да елге насихат айта беріңдер, бәлкім, жаман істен өзіңді сақтамағанмен, өзгелерді сақтап қаларсың.

511. Пайдалы ілімдерді үйретуші адамдардың күнәларын кешіруді әрбір зат, тіпті теңіздегі балықтар да жалынып сұрайды.

512. Бес түрлі ілім бар екен, оларды Алладан өзге ешкім білмейді:

Алладан басқа ешкім ертең не боларын білмейді;

Алладан басқа ешкім ана құрсағында қандай ұрық (нәресте) барын білмейді;

Қияметтің қашан болатынын да Алладан өзге ешкім білмейді;

Ешбір адам өзінің қай жерде опат (қайтыс) болатынын білмейді;

Қашан күн жауатынын да Алладан өзге ешкім анық білмейді.

513. «Інжілде» мынадай сөз бар: «Ар-ұятыңа қарай жаза немесе сыйлық аласың. Өлшеміңе қарай сыбаға аласың».

514. Науқастың көңілін сұрай барғанда оның маңдайынан сипап, хал-ахуалын білу – шын мәнінде қажыға барғанмен бірдей. Қол берісіп амандасау – толық, сенімді болады.

515. Кісінің бейәдеп сөздерден өзін тыюы – оның шын мәніндегі мұсылманшылығының белігіс.

516. Басына түскен қайғысын, дертін, жасаған қайыр-садақасын жасыру – жақсылық нышаны.

517. Кімде-кім мұсылмандардың жолын қиындатып, әуре-сарсаңға салса, оны олардың (мұсылмандардың) қарғысы атады.

518. Кімде-кім мұсылманға зәбір жасаса, ол маған жасағаны; ал маған жасаса – Аллаға зәбір жасағаны.

519. Ғұламаның алдында мақтану, надандармен сөз таластырып, айтысу, ілімді адамдардың назарын өзіне аудару үшін тыраштану – күнәқарлықтан басқа ештеңе емес.

520. Кімде-кім түрлі әдістер арқылы қазылыққа ие болса, ол бұл жұмысты өз халінің жетісінше атқарады. Ал егер өзі қаламаса да зорлап қазылыққа сыйлаған болса, Алла оның ісін оңғарып тұратын бір періштені жәрдемші етіп қояды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 420 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: