20:54
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

401. Ынта – иманнан. Ынтасыздық – екі жүзділіктің салдары.

402. Ғибадатқа қарағанда ілімнің абырорйы артық. Діннің жақсы қасиеті – тақуалық.

403. Қайырлы, сауапты істер адамды түрлі-түрлі бәлелерден сақтайды.

404. Біреуден сұрап өзіңді қор қылғанннан гөрі – сол қажетіңнің өтелмей қалғаны жақсы.

405. Қазылар екі түрлі болады. Бірі – тозаққа үкім етуші, екіншісі – жұмаққа жіберуші. Істің ақ-ақарсына көзі жетіп тұрып нақақ күйдіретін немесе жалпы білімі жетпей тұрып, өз қалағанынша үкім шығаратын қазылар дүниедегі ең пасықтардың санатына қосылады.

406. Адамдар пайдаланатын саялы дарақты кескен адамды алла тозаққа бұйырады.

407. Алла жолында бір-бірімен достасып, өзара сұхбаттасып, мейір-шапағат пен құрмет етуші адамдар – алланың мархабатына бөленеді.

408. Мұсылмандардың өзара ұрысуы – күпірлік, төбелесуі – пасықтық. Екі мұсылманның бір-бірімен үш күннен артық араздасып жүруіне хақысы жоқ.

409. Кімде-кім ниетін – имандылыққа, тазалыққа, тілін – шыншылдыққа, өзін – тыныштыққа, мінезін – туралыққа, құлағын – тыңдаушыға, көзін – өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек, ол бақытты.

410. Бір нәрсені қарызға беру – садақаға бергеннен жақсы.

411. «Аллаға иман келтірдім», - десең де, соңынан өзің тура бол.

412. Аз болса да барыңа шүкіршілік етіп жүру – көпке қанағатсыздықтан абзал.

413. Көлігіңді байлап қойып, содан соң тәуекел ет.

414. Біреу адамдарға үнемі қарыз беріп жүреді де қызметшілеріне айтады: «Кембағалдардың қарыздарын кешіріп жүріңдер, бәлкім Алла да бізді кешірер!» - дейді. Соңынан әлгі адам дүниеден өткенде Алла оның күнәларын кешіріпті.

415. Әр нәрсені бір есіктен кіріп айта беру – күнәқар болуың үшін жеткілікті.

416. Заманның (уақыттың) өтуі адам үшін – ғибрат, ал өлім – барлығын бір-бірінен ажыратушы.

417. Есіктен кіріп әр әрнәрсені айта беру – оның өтірікшілігінің дәлелі. Ақымды еш қалдырмай өндіріп аламын дейтін адам – сараңның өзі.

418. Үнемі қаскөйлік тәсілмен шұғылдануың – сенің күнәқарлығының белгісі.

419. Жаманшылығыңды ешкімге көрсетпесең, соның өзі де саған садақаның сауабын бұйыртады.

420. Адамның аузынан шыққан әрбір жалған сөзі – оның күнәсі болып жазылады. Мынадай үш түрлі жағдайда айтылған өтірік бұған жатпайды:

- Соғыста, өйткені соғыс амал-айласыз, қулықсыз болмайды,

- Ерлі-зайыптыларды жарастыру (татуластыру) үшін айтылған жағдайда;

- Араздасып қалған екі адамды татуластыру, табыстыру ниетімен айтылған өтірік сөз.

421. Әрбір мұсылманның малына, абыройына, қанына ортақ болу – басқа мұсылман үшін харам. Досына қиянат жасау арқылы адам өз жамандығын паш етеді.

422. Қиянат пен өтірікшіліктен өзге міндер әрбір мұсылманнан кездесуі мүмкін.

423. Тілазарлардың бәрі де тозаққа түседі.

424. Әрбір істелген жақсылық – садақа сауабына барабар.

425. Сендердің әрқайсыларың шопан сияқтысыңдар, өйткені өз қол астыларыңдағыларға жауаптысыңдар. Патша – бұқарасына, ер –әйеліне, әйелі – үйіне, қызметші – қожасының малына, бала – әкесінің мүлкіне жауапты. Демек, барлығың да жауаптысыңдар.

426. Мұсылманның жасы ұлғайып, қартайған сайын оған жақсылықтар дари бермекші.

427. Өзің аулаған аңның етін же, өзі өлгенін таста.

428. Тағам салынған табақтың шетінен бастап жеңдер, ортасынан жемеңдер, өйткені ортасында берек жиылып тұрады.

429. Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырапшылыққа, бос мақтаншылыққа жол бермеңдер.

430. Iлімге кәдімгі шопан сияқты күзетші, қорғаушы болыңдар, бірақ ілім туралы тек қана әңгімелеуші болмаңдар.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 413 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: