15:30
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

381. Сен ауырғанда келіп көңіліңді сұрамаған адамның өзі ауырған кезінде барып көңілін сұрай бер. Саған қайырылыспаса да сен оған қайырым жаса!

382. Мынадай он нәрсе денеге қатысты сүндет болады:

- Мұртты басу;

- Сақал қою;

- Тіс тазалағыш ұстау;

- Мұрынды сумен шайқау;

- Тырнақ алу;

- Буын және саусақ араларын жуу;

- Қолтықты жуу;

- Кіндік астының түгін тазалау;

- Нәжіс жолдарын жуу;

- Сүндетке отырғызу.

383. Жастықта алынған білім – тасқа ойылған нақыш.

384. Басқалардың әйелдерімен әдепті қатынас жасаңдар, сонда өз әйеліңе басқалар да әдепті болады. Ата-аналарыңмен қандай жақсы мәміле жасасаңдар, перзенттерің сендермен де сондай мәміле жасайды. Әлдекім өзінің өкпелесіп кеткен адамынан кешірім сұрап келсе, ол ісі ақ, кінәсіз болса да, кешірімін қабыл алуы, кешіруі қажет. Егер қабыл алмаса, жәннаттағы кәусар суынан құр қалады.

385. Әрбір мұсылман үшін садақа беру – уәжіп. Егер садақа берерлік халі болмаса, жұмыс істеп, өзінің күн көрісіне және садақаға берерлік нәрсе тапсын. Онда да күші жетпесе, мұқтаждарға жәрдем берсін. Оны да істей алмаса, жұртты тура жолға бастасын. Бұл да қолынан келмесе, қасындағыларды жамандықтан тыйсын, өстіп садақаның сауабын табуға болады.

386. Балаларды жүзуге және оқ атуға үйретіңдер. Қыз баланың үйде іс тігумен шұғылданғаны жақсы. Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер.

387. Білгендеріңді басқаларға да үйретіңдер. Дінді оңай етіп көрсетіңдер. Қиындатып жібермеңдер. Адамдарды сүйіндіретін сөздер айтыңдар. Оларды түрлі тағдырлармен қорқытып, бездіріп жібермеңдер. Ашуың қысса, сабыр сақта.

388. Біреудің қолындағы нәрседен дәметпе. Қанағатсыздықтан сақтан, өйткені ол кедейліктің нақ өзі. Намаздарыңды құдды кешірім сұраған жалынышты адамша оқыңдар. Соңынан кешірім сұрайтын істі істеуден сақтаныңдар.

389. Адамдармен ізгілікті байланыс жасаңдар. Адамдарға қатыгездік жасап, бейәдеп сөйлемеңдер.

390. Әрбір істе орташа болған жөн. Тіпті дін жолында ғибадат етуге өте беріліп кеткен адамның өзі ақыры жеңіледі...

391. Ілім – ғибадаттан абзал, тақуа ілімді ұстанса ғана өзгеден басым түседі.

392. Ілім екі түрлі: бірі ниеттегі (көңілдегі) ілім, ол – пайдалы. Екіншісі тілдегі ілім, ол Алла алдында пенденің залалына (зиянына) шығады.

393. Есікті қаққан адам әуелі өзінің кім екенін білдірсін. «Кімсіз?» - дегенде, атын айтпай: «Мен», - деп жауап беру – Расулға ұнамайды.

394. Балгерлік, ырым-жырымға сену – бұтқа табынумен бірдей.

395. Алла жолда жатақн тікенді алып тастаған адамның бұрынғы және кейінгі күнәларын кешіреді.

396. Бір жезөкше әйел терең құдықтың басында шөлден өлгелі тұрған итті көріп, етігін шешіп, орамалын жіп етіп еседі де су шығарып беріп, әлгіні өлімнен құтқарып қалады. Осы ісі үшін Алла оның күнәларын кешіпті.

397. Адамдарды нақақ жолдан тайдырушы имамдар Тажалдан да қауіпті.

398. Жанып жатқан отқа түскен отын қалай жанса, көре алмастық пен қаскөйлік – сауаптарды да солай күйдіреді.

399. Қой – береке, түйе – қадірлі, ал жылқының жолына қияметке шейін жақсылық төселіп қойған. Олар – қызметшілерің, достарың. Оларға жақсылық жаса. Егер оларды қиыншылық жағдайда көрсең, көмектес.

400. Өсек – досың жақтырмайтын мәселе туралы әңгімелесу.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 395 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: