21:03
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

351. Заманақырдағы күнәнің ең зоры – қол астында құлдардың болғаны.

352. Адамдардың жаманы – бір нәрсені Тәңір атынан сұраса да бермейтіндер.

353. Адамдардың тағы бір жаманы – өз әйеліне сараңдық, қызғаншақтық жасайтындар.

354. Адамдағы тағы бір жаман қасиет – өте сараңдық пен өте қорқақтық.

355. Жасырын құмарлық пен сайқалдықтың тегі бір.

356. Адамның жасы ұлғайып, дене мүшелері әлсірегенмен, көңілі қартаймайды, дүние ісіне қызығушылығы арта түседі.

357. Қарызын өтей алмай дүниеден өткен адамның сол қарызы өтелгенше, қабірінде қол-аяғы кісендеулі пенденің халін кешіп жатады.

358. адамның туысқанына берген садақасы – садақа әрі туыстық көмегі болып табылады.

359. Құпия берілген садақа – Тәңірдің ашуын басады.

360. Қайыр-садақаны кембағал, бейшараға беру садақа есептелсе, оны дәл сондай туысыңа берсең, әрі қайыр-садақа, әрі туысыңа жасаған қамқорлығың болады.

361. Туысыңа жасалған адамгершілік, қайырымдылық және жақсы көршілік – жұртты ел көшіп қонғандай мәре-сәре қуанышқа бөлейді.

362. Алыстап кеткен туыстарыңа қайырымды бол. Біреу саған жамандық жасаса, сен оған жақсылық жаса. Өзіңе зияны тигелі тұрса да шындықты айт.

363 Ерте тұрған адамның несібесі артады. Ал таңғы ұйқы – ризығыңды кемітеді.

364. Қоғамдаспай жеке өмір сүретін уақыт өтіп кетті.

365. Сый-құрметтің мерзімі үш күн. Одан артығы садақаға жатады. Біреуге жасалған әрбір жақсылық садақаға жатады.

366. Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу – Алла алдында күнәһар болу.

367. Бір кісіге арналған тағам екі кісіге де жетеді. Екі кісілік – төрт кісіге, төрт кісілік – сегіз кісіге жетеді.

368. Жомарт адамның тамағы – шипалы; сараңның тамағы – кеселді.

369. Үйлену тойында дастарқан жайып, той жасау – сүндет; екінші күнгісі – абыройын асыру; ал үшінші күнгісі – құр мақтаншақтық, даңғаза, даңғойлық.

370. Ілім үйрену әрбір мұсылман үшін парыз. Ілімге талпынсаң, дүниедегі барлық нәрсе, тіпті теңіздегі балыққа дейін күнәңа ортақтасып, Алладан сені құтқаруды сұрайды.

371. Бір сағат ілім үйрену – бір түнгі ғибадаттан артық. Ал бір күндік дәріс – бір ай ұстаған нәфіл оразадан абзал.

372. Адал ризық табу – әрбір мұсылман үшін уәжіп.

373. Кінәсіз бола тұрып, өзін өте мүсәпір халге жібермей, төмен ұстайтын, адал жолмен тапқан дүниесінің игілігін көруші, адал жолмен тапқан дүниесінің игілігін көруші, әдепті, ілім-білімімен өмірге араласып жүретін, момын бейшараларға рақым-шапағат жасайтын адамға көп жақсылық бұйырмақшы. Тәкаппарлығы жоқ, адал кәсіппен шұғылданатын, ниеті таза, көрікті, ешкімге жамандық жасамайтындар – нағыз жақсы адамдар. Ілімге бой ұрған, артық дүниесінен қайыр-садақа беретін, бейәдеп сөйлемейтіндер де – нағыз жақсы адамдар.

374. Өз айыбын түзеумен жүріп, өзгеден кінәрат іздеймейтін, артық дүние жиюға әуреленбей, тұрмысына жаратып, игілігін көретін, бей-берекет сөйлемейтін, сүндет істеп, дінбұзарлық іспен шұғылданбау – ең жақсы адамның ісі.

375. Пайдакүнемдік, қанағатсыздық – ғұламаларды даналығынан айырады.

376. Құс та өз тағдыр бұйрығымен ұшады.

377. Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы.

378. Момын (мұсылман) кісіге нақақ жаза берілмеуге тиіс.

379. Алланың құлдары! Алла ешкімге жаманшылық тілемейді. Бірақ біреудің бірдеңесін зұлымдықпен алған адамды пәлеге жолықтырады.

380. Ей, пенделер! Ауруларыңды емдетіңдер. Алла әрбір дерттің дауасын да жаратқан, тек қана кәріліктің ғана емі жоқ.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 422 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: