20:21
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

281. Ар-ұяттың толық болғаны жақсы.

282. Ар-ұят үнемі жақсылыққа бастайды.

283. Ар-ұят дегеніміз – иман.

284. Ар-ұят пен аз сөзділік – иманның екі түрі болып табылады. Ал ұятсыздық пен көп сөзділік – монтаны арамдықтың екі жағы.

285. Әркімнің ниетіне лайық Алла оған рақым, шапағат етпеген болса, ол ең зиян тартушы пенде.

286. ақыңды толық алсаң да, кем алсаң да, адалдап ал.

287. Мүмкіндіктерің болса, Аллаға құлшылық етіңдер. Сендер шаршайсыңдар, ал Алла ешқашан шаршамайды.

289. Бес түрлі зиянды жануарды: жылан, ала қарға, тышқан, қабаған ит, кезқұйрықты кез келген жерде өлтіруге болады.

290. Мынадай бес түрлі күнә кешірілмейді:

Аллаға шәк келтіру;

Нақақтан қан төгу;

Мұсылманға жала жабу;

Әділетті соғыстан қашу;

Ант ішіп, біреудің ақысын нақақтан жеп кету.

291. Сендердің жақсылықтарың – ашық-жарқын, тату-тәтті сұқбаттарың. Жамандықтарың – аузы көпіргенше мағынасыз мылжыңдау.

292. Сендердің жақсылықтарың – алған қарыздарыңды ренжітпей қайтаратындығың.

293. Сенің жақсылығың – өз әйеліңмен, отбасы мүшелерімен ізгілікті қатынаста болуың.

294. Сендердің жақсылықтарың – ұзақ өмір сүрумен бірге, кейінгіге игілікті іс қалдырғаның.

295. Достарыңның жақсысы – Алланы есіңе түсіретіндері ғана.

296. Садақаның жақсысы – оны бергеннен кейін өзіңде тағы да қалатындығы. Төмендегі (алушы) құлдан, жоғарыдағы (беруші) құл жақсы. Садақа бергенде шама-шарқыңа қара.

297. Мұсылманның жақсысы – оның қолы мен тілінен басқалар жәбір көрмейтіндері.

298. Әйелдің жақсысы – ерінің көзін қуантатыны, әміріне бойұсынатын және ол жақтырған нәрсені жақтырып, жақтырмайтын нәрсені жақтырмайтыны.

299. Адамның жақсысы – өзгелерге пайдасы тиетіні.

300. Некенің жақсысы – қалың малының жеңілірек болғаны.

301. Жастардың жақсысы – өздерін есейген адамдар сияқты салмақты ұстайтындары. Ал ұлкендердің жаманы – сырт көрінісі шырайлы болғанмен, ниетінің қаралығы.

302. Мұсылманға берілген қасиеттің жақсысы – ибалы мінез. Оларға берілген қасиеттің жаманы – сырт көрінісі шырайлы болғанымен, ниетінің қаралығы.

303. Некелі әйеліңмен тату-тәтті бол. Мен басқадан гөрі өз әйеліммен жақсы тұрамын. Әйелдерді тек жақсылар ғана құрмет тұтады. Жамандар оларды аяқасты етіп қорлайды.

304. Сендердің жақсылықтарың – дүниенің ісі деп ақиретті, ал ақирет деп тіршілік қамын ұмытып, басқаларды қиыншылықта қалдырмайтындықтарыңда.

305. Қазынаның затын бұйырылған жеріне ризашылығымен толық тапсырмған мұсылман – өз жанынан садақа берген адаммен барабар.

306. Шешеңнің әпке, сіңлілері де анаңмен бірдей құрметке ие.

307. Барша халық Алланың құлы. Солардың Аллаға жағымдырағы – өз әйелдеріне пайдасы көбірек тиетіндері.

308. Жылқы – үш түрлі іс үшін. Бірі – сауап, екіншісі – перде, үшішісі – күнә. Адам оны өріске жайып, не қорада бақса, оған сауап жазылады. Оттату үшін аулада, не өз бақшасында арқандап қойса, арқан жеткен жеріне дейін сауап жазылады. Егер жылқы арқанды үзіп, бір-екі белден асып кетсе, жолдағы ізі мен тезегі үшін де сауап жазылады. Қашып барып әлдебір дариядан су ішсе, бұған да сауап жазылады. Баю немесе қиналмау үшін бағып, атты азықтандыру мен мінудегі Тәңір ақысын ұмытпаса, онда ол тозақ отына перде болады. Егер біреу осы күш-көлікті атақ немесе монтандықпен мұсылмандарға қарсы әрекет жасау үшін бақса, оған, әрине, күнә жазылады.

309. Алдыңғы үмбеттерімнен сендерге жеткен кесел – қас көйлік пен өзара жаман қарым-қатынас. Бұл – шашты сыпыру емес, дінді сыпыру. Мұхаммедтің рухына ие заттың атымен ант етемін: мұсылман болмайынша, жәннатқа кірмейсіңдер. Бір-бірлеріңе сүйіспендік көрсетпейінше, мұсылман болмайсыңдар. Қалайда достасып кетулерің керек. Ол үшін бір-бірлеріңмен қандай жағдайда да сәлемдесіп жүріңдер.

310. Жәннатқа кіріп, оның қақпасындағы «Садақаға он сауап, қарыз бергенге он сегіз сауап», - деген сөзді көрдім. Содан таңқалып: «Ей, әбірейіл досым, неге садақаға он да, қарыз бергенге он сегіз сауап жазылған?» - деп сұрадым. Сонда Жәбірейіл: «Садақа баю үшін жүрген біреуге тиіп қалуы мүмкін. Ал қарызды тек қана мұқтаж адам сұрайды», - деді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 416 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: