22:29
Ұлттық валюта Теңгенің шыққанына - 20 жыл!

ТЕҢДЕССІЗ ТЕҢГЕМІЗГЕ ТАРТУ

Тату-тәтті еліміз һәм қадір-қасиетті жеріміз үшін ұлттық валюта Теңге де басқа да Мемлекеттік нышандар сияқты сый-құрмет пен мақтаныш-мәртебе ие ғой әлбетте.

Осыдан жиырма жыл бұрын айналымға кірген Теңгенің әрбір қазақстандық үшін киелі болуға тиіс. Себебі сол – ұлттық бренд болумен бірге күнделікті тірлігімізге бірден-бір қажет құнды қағаздың бірі де бірегейі.

Жақында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында «Теңгемізге – 20 жыл» атты танымдық дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараны әрі ұйымдастырған, әрі жүргізген құқықтану пәні мұғалімі Г.Т.Байғожина һәм қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Д.С.Абуова болды. Ал дөңгелек үстелдің көркін өзара екі топ құраған 5-7 сынып оқушылары қыздырды.

Жүргізушілер тарапынан оқушыларға ұлттық валюта Теңгенің шығу тарихынан бастап осы күнге дейінгі даму-қалыптасуы хақында танымдық мәліметтер тәптіштеп айтылды. Сонымен қатар ақша-қаражат тақырыбын бойына жинаған мақал-мәтелдерді толықтыруда қатысушылар қырағылық танытты. Ал қызықты отырыстың бір кезеңінде екі топқа құндық номиналы 200 һәм 500 болатын теңгенің бір-бір данасы беріліп, оған жан-жақты сипаттама беру жұмысы тапсырылды. Құмырсқаның илеуінде қызу талқыға түскен орта бын оқушылары нәтижесінде орталарынан бір спикерді сайлап, шағын топтық жобаны қорғауға аттандырды. 5 қазақ сынып оқушысы Халел Азат та, 6 орыс сынып оқушысы Смакотина Светлана да жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, ұйымдастырушы-жүргізушілердің де, ықылас қоя тыңдап отырған көрермендердің де патша көңілдерінен шыға білді. Ол ол ма, әр топқа «Егер сенің ақшаң көп болса, не істер едің?» деген ортақ сауал беріліп, оған ұжысдасқан мардымды жауап беру жұмысы тағы тапсырылды. Өмірдің адами маңызын бағамдауға қадам басып жүрген оқушылар бұл бағытта да осалдық танытпауға тырысты. Жан-жақтан бұлақтайын жиналған пікірлер жинала келе толайым тақырыптық айдынға айналды да қалды. Оларды жариялауда 5 сынып оқушысы Тиссен Ольга мен 6 сынып оқушысы Шәріп Нұрғиса өз топтарын жерге қаратпады. Нәтижесінде, әрбір қатысушыға естелік сыйлықтар шын жүректен табысталды.

Асылында, осынау тағылымдық-тәрбиелік маңызы орасан шара өскелең ұрпақты ұлттық-елдік тұрғыдан өнегелеу жолында өрнекті із қалдырды.    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББ мектебі оқу-тәрбие істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1027 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: