09:58
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2010
2010 жылы ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу туралы
2010 жылғы ҰБТ-ны берген өтініштеріне сәйкес 138 162 мектеп бітірушінің 110 118 мыңы тапсырады, бұл 80 % құрайды. Тестілеу 49 қала мен 105 аудан орталықтарында құрылған 154 тестілеу пункттерінде 4-10 маусымда өткізіледі.

ҰБТ 5 пән бойынша: оқыту тілі (қазақ немесе орыс), Қазақстан тарихы, математика, таңдауы бойынша пән, сондай-ақ орыс тілінде оқытатын мектептердегі – қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі – орыс тілі пәндері бойынша өткізіледі.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25 сұрақты құрайды; бес пән бойынша – 125; тестілеу уақыты – 210 минут, яғни 3,5 сағат.

Биылғы жылғы мектеп бітірушілер үшін мемлекеттік грант конкурсына қатысу және республикамыздың жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті деңгей 50 балға дейін («Жалпы медицина» мамандығы үшін – 55 балға дейін) көтерілді.

ҰБТ-ның балын аттестаттың бағасына ауыстыру шкаласы өзгерді. Егер мектеп бітіруші 0-3 балл жинаса «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады, ал 4 балл және одан жоғары балл жинаса – оң баға болып табылады.

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дұрыс жауаптар коды мемлекеттік құпиялар қатарына жатқызылған.

Ағымдағы жылғы лектердің жалпы саны – 7, осыған сәйкес, бір лектегі тестіленушілер саны 800 адамға дейін азайтылды. Егер де техника істен шыққан жағдайда жергілікті жерлерде оларды алмастыратын болады. Әрбір облыс орталықтарында резервтер қарастырылады.

Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешу, ҰБТ-ға қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тестілеуді өткізу кезеңінде апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – РАК) және әрбір ҰБТ-ны өткізу пунктінде апелляциялық комиссия құрылады.

РАК апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстарының негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.

Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептерге байланысты өтініштер тестілеудің қорытындысы шыққаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады.

Ұлттық мектептердің бітірушілерілері (ұйғыр, өзбек, тәжік) қалаулары бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыра алады.

ҰБТ-ны өткізу кезеңінде облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының жанында ҰБТ-ның өткізілу барысын бақылауды қамтамасыз ететін штабтар құрылды. Олардың жұмыстарын үйлестіру үшін Білім және ғылым министрлігінің жанында республикалық штаб құрылды.

Білім беру гранттарын алу немесе ақылы негізде орта білімнен кейінгі және жо,ары білімге қол жеткізу үшін еліміздің азаматтарына тең құқықты мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ететін жалпыұлттық жобаның әлеуметтік-саяси маңыздылығын ескере отырып, Министрлік жергілікті жерлердегі білім органдарымен бірге ҰБТ-ның объективті және жариялы түрде өткізілуі үшін барлық шараларды қабылдауда.

Просмотров: 1014 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: