09:33
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2010
21 мамырда бесқарағайлық биылғы түлектер осымен екінші рет аудан мектептердің өзге де түлектері қатарында Павлодардағы ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті (ҰБТӨП) тарапынан ұйымдастырылған дайындық тестілеуінен өтті. Осыдан екі апта бұрын болған осындай әзірлік нәтижесімен салыстырғанда біздің оқушылар осы жолы алға қарай айтарлықтай ілгерілеу танытты. Салыстырмалы түрде айтқанда, өткенде анықталған 67 балды мына жолы 79 балл алмастырып, динамикалық өсу +12-ні құрады. Ал оқушылардың жеке көрсеткіштері бойынша осы жолы Жоламанов Арслан сырық бойы озып шығып, қанжығасына 93 балды байлап келді. Ендігі кезекте осынау қызу дайындық үдерісін еш бәсеңдетпей, қайта одан сайын дамыта түсу жатпай-тұрмай көзделуде.
Просмотров: 966 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: