23:55
Әлеуметтік жаңғыртылу

ЖАҢАРУДЫҢ ЖИЫРМА ЖОЛЫ

Әлбетте Ұлт көшбасшысының әрбір жалпыхалықтық жолдаулары һәм үндеулері, бағдарлы жай-жапсары мен бағыт-жоспарын елінің баянды бүгіні және кемелді болашағының өрлеу-өркендеуіне кәміл сеніммен зерделейтін әрбір қазақстандық азаматтық жауапкершілікпен қабылдайтыны айдан анық. Шіліңгір шілденің алғышқы онкүндігінің шымылдығы түрілер шақта жария болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тақырыптанған Қазақстан Республикасы болашағының қол жетімді келешегін әлеуметтік тұрғыдан жүйелеген берісі биылғы Жолдаудың, арысы «Қазақстан – 2030» ұзақ қарқынды стратегиялық Дамуының бағдарламалық тапсырмалар кешені ел-жұрттың әл-ауқан әлеуетін һәм сапалық деңгейін арттыруды діттеген ілгерілеу деп бағамдаймын.

Бағдарламаның осынау тақырыбындағы кілтті болып табылатын төрт сөз – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы – бас әріппен жайдан-жай басылып қалған жоқ. Зерделек, мұнда мән-маңызы ауқымды әлеуметтік-қоғамдық мазмұн бар. Өздігінен дербес һәм тәуелсіз атанған Қазақстан қалыптасу менен дамудың жиырма жылын еңсергеннен соң байрақтана шақырып тұрған болашақ жиырма жылдыққа құр да құрғақ сөздермен ғана шақырмай, нақты іскерлік-мерзімдік тапсырмалармен жабдықталған қадамдар баспалдағымен адымдауға жатпай-тұрмай ынталандыруда. Қарқынды индустриалды-инновациялық дамуға бекем бел буған кең де дарқан еліміз үшін Жалпыға Ортақ Еңбек және оған тиесілі Қоғам ұғымдары қай жағынан, қай қырынан зейіндесең де жұтқан ауадай қажет.

Зерделесек, осынау келелі де кешенді тапсырмалар жиынтығында құзырлы орындарға міндеттелген әр тапсырмалы қадам сондайма маңыздылығымен қатар, баянды болашаққа бағытталған жиырма жол-жоба біреуі біреуін толықтыруға пәрменді жайлы өмірдің һәм адами тіршіліктің жұмырланған жиынтығы екен. Айталық, Үкімет те, Парламент те, «Нұр Отан» ХДП ел азаматтарының денсаулығына қатысты тапсырма һәм сол азаматтардың тұрғын үй, баспана мәселесін екшеп алып қарай алмайды. Ол ол ма, тағылым-трбие, білім мен кәсіптік даму жағын жалынды жастар саясатын ілгерілетуге берген айқын тапсырма айтарлықтай марқайтып тұр.

Еліміздің ауылдық та, қалалық та елді мекендеріне ортақ білімдену көкжиегіне және осының бүгінгі хал-ахуалына қанық Елбасы өзекті де көкейкесті мәселелерді көлденең тартып қана қоймай, бұл тығырықтан шығу жолдарын қандай бағыттар арқылы жүзеге асыруға болатынын межелеп берір отыр. Әсіресе, «Қазақстан тарихы» пәніне қатысты айтылғаны бұл бағытта еңбек жасап жүргендерге зілдей жауапкершілік артқандай. Жастарды жайлаған әлеуметтік инфантилизмді бір адамдай қатты сынға алды. Жуырда ғана болған біліктілік арттыру курстарында «акмеология» деген ұғымға қанық болғам. Енді міне Елбасы да болашақ өскелең ұрпаққа «жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пәнді» оқыту үдерісіне қосу қажеттігін ұсынып отыр. «Қазақстан құқығы» һәм «Өлкетану» оқыту курстары да білімдену аренасының тұғырында. Көз ілеспес қарқынмен дамып жатқан қазіргі гипербелсенді заманда тоғышарлық һәм масылдыққа ешқандай жол жоқ екенін қарапайым түрде құлаққа құйып отыр. Санасы сау, көкірегі ояу әрі екі қолға жұмыс іздеген талапты адамға қазіргі қарқышты да қарқынды дамып жатқан Қазақстанда табыс көзі болатын жұмыс табылатынын діттеп тұр.

Бағамдасақ, Ұлт көшбасшысы өз мақаласында барлық деңгейдегі әкімдерге бағыттап әлеуметтік-қоғамдық өмірдің әр дербестенген елді мекен орталықтарында, сонымен бірге үлкенді-кішілі ауылдарда тұрақтылық жағдайын бекітетіндей тұрғыда ойластырыла жүйеленген бұқаралық-көпшілік түрліше іс-шараларды ұйымдастыру-өткізудің бірыңғай өәм бірүлгілік ережелерін қалыптастыруды ұсынуда. Шынымен-ақ бұл жағы жалпы алғанда сын көтермей келгені жасырын емес. Енді бұны да жүйелейтін күн туды деген сөз. Әңгімені өрбітсек, басымыздан өткен жиырма жылда ұрпақтар сабақтастығы үдерісі догмаға айналып болған һәм өзі кәдімгідей ескірген дәстүрлі жүйемен қалыптасқан болатын, енді ше тұрақты дәстүр мен ұлттық мерекелер, жүйелі белсенділенулер арқылы ел-жұрттың қарыштап дамуына екпін түсіріп, ұрпақтар сабақтастығын өркениет алдында бірегей ділдік ажарымызды айқындай түсерміз.

Асылында, халықтың әл-ауқатын әлеуметтік тұғырдан әлеуеттендіріп, дәурен-ғұмырын сапалылатуға бағытталған осынау сындарлы саясатты бүкіл қазақстандық бір адамдай қолдап, осынау ілгерілеу жолда білек сыбана жұмыс атқаратынына өз пікіріме сүйене отыра сенемін. Себебі: қазіргі таңда ел тұрмысының тұрақталуымен бірге күннен-күнге жақсы-жақсы болып келе жатқанына көбен көріп те, құлақпен естіп те куәміз. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды» ту етіп құмырсқаның илеуіндей еңбектенсек, қамшының сабындай өміріміз болғаннан да жарқырай, әлеуеттене түсетіні мәшһүр. Қапы қалмайық, ағайын!

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан»ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1509 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: