21:21
Халықтың тәрбиелік дәстүрлері

Құрсақ тойы (дәстүр). Жас келіншектің екі қабат болғаны белгілі болса, оның абысындары мен қайын сіңлілері сол үйге оңаша құрсақ тойын жасатып, аман-сау босануына тілек білдіреді. Қазақ ғұрпы бойынша бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады.

Қазанжарыс – әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі тамақ істеп, оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып жарысады. Халық ұғымы бойынша туатын бала «қазан жарысқа қатысып» одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.

Сүйінші. «Сүйінші келініңіз келеді деп, Әдеппен қол қусырып сәлем берді» («Наурызбай – Қаншайым» жырынан). Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші, сүйінші деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Немесе оғар риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай ерсілігі жоқ.

Шілдехана. «Сәрсенбай зор қуанышты болып, шілдеханаға қанша қыз-бозбала жиып... баланың есімін Жамал қойып еді» (М.Дулатов). « - Аманжол Атекем аулына шілделікке кеткен( (С.Көбеев). Кей жерлерде шілделік деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.

Шашу. «Ханымдар Қаншайымға келген жерден шашуға құрт орнына ділдә шашты» («Наурызбай – Қаншайым»).

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 369 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 iwbcr514  
0
6826 http://www.promnet.ru/forum/viewtopic.php?f=45&t=800706http://www.renaultkadjarforum.eu/showthread.php?tid=88426http://www.club77freccetricolori.it/phpbb/viewtopic.php?f=10&t=190619http://eecb.cat/index.php/component/kunena/17-sub-10-benjami/122339-une-fille-facile-2019-2020-watch-une-fille-facile-2019?Itemid=0#122339http://xn--l1adgmc.xn----7sbzamhkhkpaf1p.xn--p1ai/viewtopic.php?f=8&t=2098158 http://www.serymark.com/23-02-2020-online-%d0%bc%d0%b8%d1%80-%d0%b4%d0%b8%d0%ba%d0%be%d0%b3%d0%be-%d0%b7%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%b4%d0%b0-3-%d1%81%d0%b5%d0%b7%d0%be%d0%bd-1-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-okko/ https://clinicwiki.org/wiki/23-02-2020_TV_%D0%9C%D0%B8%D1%80_%D0%94%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%97%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%B4%D0%B0_3_%D0%A1%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%BD_1_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_%D1%81%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB_2020_%C2%BB https://www.raidcontrol.com/index.php?title=User:JoeannShrader http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=23-02-2020_Hd1080_%D0%9C%D0%B8%D1%80_%D0%94%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%97%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%B4%D0%B0_3_%D0%A1%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%BD_1_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_%D0%9E%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B9%C2%BB http://www.serymark.com/23-02-2020-%d1%85%d0%b4-%d0%bc%d0%b8%d1%80-%d0%b4%d0%b8%d0%ba%d0%be%d0%b3%d0%be-%d0%b7%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d0%b0%d0%bb-3-%d1%81%d0%b5%d0%b7%d0%be%d0%bd-1-%d1%81/ http://www.serymark.com/23-02-2020-hd-%d0%bc%d0%b8%d1%80-%d0%b4%d0%b8%d0%ba%d0%be%d0%b3%d0%be-%d0%b7%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%b4%d0%b0-3-%d1%81%d0%b5%d0%b7%d0%be%d0%bd-1-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-amediateka/

Имя *:
Email *:
Код *: