09:51
Көркем сөздің құдіреті

СЕЛДІР

Сирек, жұқа, қалың/тығыз емес, аз.

Мысалдар:

1. Абайдың селдір сұлу сақалы мен мұртына енді сәл ғана ақ араласқан.

(М.Әуезов, Абай жолы)

2. Селдір топпен келген Абай өзінің азғантай дос-жарандарының арасында бүгінгі күнді оңаша, тыныштықпен өткізді.

(М.Әуезов, Абай жолы)

3. Ал күншығыс жақ терезедегі перде жұқа, селдір.

(С.Сейфуллин, Біздің тұрмыс)

 

БӘЛСІНУ

Әлдеқандай болу, бұлдану, міндетсу, бәлдену, өзінше болу, шірену.

Мысалдар:

1. — Оттай береді бұлар. Мен ора бастаған соң «өз керегім еді» деген боп, бәлсініп тұр ғой шетінен, аузындағысын алғандай қып. Көрінеу оңбаған қазақшылық. Өздері ормайтын даланың тегін түгін бұлдамақ маған. Болмаса, осы қара суыққа дейін пішен ормайтын ел көріп пе ең?

(М.Әуезов, Абай жолы)

2. Істеп жатқан сен білмегенде, жаңа келген мен білемін бе, айтсаңшы бәлсінбей. Мен болған соң айтамын. Сендер білгіш болмай да айта бересіңдер.

(Ғ.Мүстафин, Шығанақ)

3. — Ағай, әңгіме айтыңызшы - деп өтінеміз, - Сағатбай бәлсінбейді, айта бастайды.

(Б.Соқпақбаев, Балалық шаққа саяхат)

 

КӨРІНЕУ

Айқын, анық, ашық.

Сөз тіркес:

Көрінеу жалған — анық, белгілі болған жалған. Мысалы көрінеу жалған ақпарат - заведомо ложная информация.

Мысалдар:

1. ...Көрінеу оңбаған қазақшылық. Өздері ормайтын даланың тегін түгін бұлдамақ маған. Болмаса, осы қара суыққа дейін пішен ормайтын ел көріп пе ең?

(М.Әуезов, Абай жолы)

2.  Ноғайбектің көрінеу өтірік айтқанына күйініп кетсем де, әңгімелеріне араласпадым.

(Б. Тоғысбаев шығармасынан)

3. Аңдысқан екі жақ бір-біріне ықтырып тастағысы келіп, көпе-көрнеу даудан бастады.

(Ә. Кекілбаев шығармасынан)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 29 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: