22:34
Көркем сөздің құдіреті

ЕНТЕЛЕУ

1. Анталау, кимелеу, төну;

2. Асығу, ұмтылу, екпіндеу, аптығу.

Сөз тіркестер:

Ентелеп тыңдау — құлшыныспен, ықыласпен тыңдау;

Ентелеп түсу — алға ұмтыла беру, кимелеу.

Мысалдар:

1. Желсіз, жұлдызсыз аспан да қазір меңіреу қара... Жерге мүлде ентелеп төне түскен тәрізді.

(М.Әуезов, Абай жолы)

2. Дәл қазіргі кезең Абайды сол Дәрмен ойлаған сын өткелдің "тар есік, тас босағасының" өзіне әкелді. "Қайтер екенсің, Абай аға!" – деп, Дәрмен өзгеше ентелеп, тына тыңдап қалды.

(М.Әуезов, Абай жолы)

3. Ерболды сүйрей жетектеп, әлгi ән шыққан үйге қарай ентелеп, есi-дертi ауып кетiптi.

(М.Әуезов, Абай жолы)

4. Ізшіл ит шынжырын жұлқа ентелеп, ескі қыстауға қарай тартады.

(Қ.Жұмаділов, Қаздар қайтып барады)

 

ЕКШЕУ

1. Іріктеу, саралау, талдау, сұрыптау, бөліп алу, айыру;

2. Ақылға салу, салмақтап ой жүргізу.

Басқа формасы: Екшелеу — мұқияттап екшеу, бірнеше рет сұрыптан өткізу.

Мысалдар:

1. Кісі сөзін екшемейтін, аңқылдақ Ерекең оң жақ танауының үстіне біткен түймедей қара меңін жүлқылап, ойланып отыр.

(З.Шашкин, Сенім)

2. Аттар сыналсын деп көкпарға әзірленіп, бір топтар екшеліп жатты.

(М.Әуезов, Абай жолы)

3. Қонай және басқа жақын қоныс, қалың шоғыр ауылдардан екшеліп шыққан, мықты атанған: Еңсебай, Марқа, Құлжатай сияқты өз орталарына аңыз болған ерліктері бар азаматтар мәлім еді.

(М.Әуезов, Абай жолы)

 

БІТІК

Қалың, ну, тығыз, жиі өскен.

Сөз тіркес: Бітік көз — сығырайған/қысық көз.

Мысалдар:

1. Бірақ сонда да мына жиырма жер егін биыл тамаша бойшаң, бітік шыққан...

(М.Әуезов, Абай жолы)

2. Бітіктеу кішкене көзін сығырайтып, аузын мол ашып, мәз болып күліп тұр.

(М.Әуезов, Абай жолы)

3. Биік те бітік бетегелер жібек желдің аймалауымен толқи шайқалып, сыңсыған сіңлілердей.

(Т.Әлімқұлов, Туған ауылда)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 30 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: