16:17
Көркем сөздің құдіреті

СЫРДАҢ

1. Сараң, суық, тұйық, қатты;

2. Тақыр, қу жазық;

3. Тапшы, кедей;

4. Қашқалақ, сырғақ.

 

Етістік түрі: Сырдаңдау — қашқақтау, сырғақтау, безіну.

 

Мысалдар:

Бірақ Құнанбайдың айлакер, жуан, тәкаппар немересі Оразбайдың ентелеп, жабысып сұраған сырларының көбін түгел ашып салған жоқ. Сараң, сырдаң ғана сөйлеп, аз ғана сырдың ұшығын берген.

(М.Әуезов, Абай жолы)

 

Сөз таластыра берсе, істің арты насырға шабатынын сезген Алмабек сырдаңдай бастады.

(С.Омаров, Қиыр жол)

 

ЖӨҢКУ

1. Қопарылып көшу, үдеру, жосу;

2. Толқу, жайылу

 

Мысалдар:

1. Қазір Шодыр тағы соны бетке алып, тебініп ұмтылғанда, Әзімбай анық қашуға беттеді. Өзге тобы да азайып қалған қалпында, жөңкіліп жөнеліп барады.

2. Күн көзi де әбден жылынып, аспанда жазғытұрдың ақ мамық бұлттары жөңкiлiп көштi.

(М.Әуезов, Абай жолы)

 

СҮЛЕ

Немқұрайлы, сүлесоқ, енжар, салғырт, көңілсіз.

 

Бірақ сөз тіркес мағынасы шамалы бөлек:

Сүле ауру (сүле науқас) — ұзаққа созылатын, созылмалы, жүдедетін ауру.

 

Мысалдар:

Тұрсынбай отырғандарға сүле ғана амандасып, оңаша айтары барын аңғартып Ушаковке қарап тұрып қалыпты.

(Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке)

 

– Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып едi. Сендер келгелi жақсы сөздерiңмен ем әкелгендей болдыңдар. Қадамы құтты қонақ болдыңдар! – дедi.

(М.Әуезов, Абай жолы)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 36 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: