12:59
Көркем сөздің құдіреті

ДАЛДА

1. Қағаберіс, ық;

2. Қалқа, таса, көлбегей.

Мысалдар:

  1. Сирек талдың арасына шала жасырынып, далдалап тұрып, Ербол қыстауы жаққа көз тастады.
    (М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)
  2. Мұқаш қаттырақ аяңдап, қораның далдасына түсуге асықса да, шекпенін жамылып, аяғының басына кебіс іліп, дәретке шыққан молданың бір көзін жұмып, сығырая қарауынан құтыла алмады.
    (Ж.Аймауытов, Ақбілек)
  3. Шоқанды әке-шешесі де, Уәлінің өзге ұрпақтары да кішкене күнінен далдалатып ерке ғып өсірген.
    (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз)
  4. Бір серейген жартастан келіп Сарманқұл далда тапқандай отыра қалып, дүрбісін қолына алды.
    (С.Бегалин, Уақыт кезеңдері)
  5. Киіз үй, шатыр дегенді білмейді, тоқтаған жерінде ағаш қиып, салдау көтеріп, күрке тігеді, онысын бұтақпен, қабықпен қамсап, далда жасайды.
    (М.Мағауин, Шыңғысхан)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 222 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: