01:26
Көркем сөздің құдіреті

КЕНДЕ

1. Тапшы, мұқтаж, зәру;

2. Кем, аз.

Мысалдар:

  1. — Әй, шырағым-ай, ата кәсіп аздырып-тоздырып болды ғой. Осы дүниеде кім қор, кім кенде? Дәл сол қалың қазақ баласы ғой...
    (М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)
  2. Күн көрсетпей не қылдық? Ішкеннен, жегеннен кенде болдың ба? Ішінде арамдығың бар ғой, бәлең бар ғой.
    (Ж.Аймауытов, Қанапия-Шәрбану)
  3. Мен деген - ырза, мәз бала 
    Сәби қалпымнан қозғама. 
    Молынан маған бермеген 
    Бермесе қойсын кенде емен.
    (М.Мақатаев, Мен деген - ырза, мәз бала)
  4. Ішім пысты, жалықтым,
    Жүре алман енді аяңдап.
    Кенде қаппын, жаңа ұқтым,
    Не болса соған аяңдап.
    (Қ.Аманжолов, Ішім пысты. Жалықтым)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 204 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: